"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Жастар және отбасы істері комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 338 бұйрығы

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 30 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      15-тармақта:

      "Жастар саясатын үйлестіру басқармасы" деген бөлімде:

      "реттеуші" деген кішібөлімде:

      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу";

      "іске асыру" деген кіші бөлім:

      мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтармен толықтырылсын:

      "тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін қамтамасыз ету;

      мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      Басқарманың құзыреті шеңберінде жинақтардың, ашық деректердің уақытылы орналастырылуын және Комитет пен Министрліктің сайттарын жастар саясаты саласындағы қажетті ақпаратпен толтырылуынқамтамасыз ету ;

      ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      Басқарманың құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;

      ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпараттар, анықтамалар, шолулар дайындау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардыңөтініштерін қарау ;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптама кеңесінің қарауына енгізу;

      Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      жастар саясаты мәселелері бойынша республикалық және халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      "мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру" деген он бірінші абзац алып тасталсын;

      "білім беру және тәрбиелеу жүйесі ұйымдарына мемлекеттік жастар саясаты саласында қажетті консультациялық көмек көрсету" деген он төртінші абзац алып тасталсын;";

      "Отбасылық саясатты үйлестіру басқармасы" деген бөлімде:

      "іске асыру" деген кіші бөлімде:

      "отбасы мәселелері бойынша республикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;" деген он екінші және "отбасы саясаты саласындағы үрдістерге жүйелі талдау жасау;" деген он үшінші абзацтар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтармен толықтырылсын:

      "тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      отбасылық саясат мәселелері бойынша республикалық және халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпараттар, анықтамалар, шолулар дайындау;

      мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      Басқарманың құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;

      ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және отбасылық саясат салаларында үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттық қаржыландыру шеңберінде үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптама кеңесінің қарауына енгізу;

      қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;";

      "Мониторинг және талдау басқармасы" деген бөлімде:

      "іске асыру" деген бөлімшесінде:

      "Басқарманың құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;" деген екінші, "Комитеттің құзыреті шеңберінде шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;" деген үшінші абзацтар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтармен толықтырылсын:

      "тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясаты саласындағы қызметті ғылыми және әдістемелік қамтамасыз етуді өз құзыреті шеңберінде жүзеге асыру;

      үрдістерді жүйелі талдау мен болжауды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік жастар және отбасы саясаты салаларында анықтамалық материалдар дайындау;

      Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпарат, анықтамалар, шолулар дайындау;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде жинақтардың, ашық деректердің уақытылы орналастырылуын және Комитет пен Министрліктің сайттарын жастар және отбасы саясаты салаларындағы қажетті ақпаратпен толтыруды қамтамасыз ету;

      ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      Комитеттің құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;

      ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;

      Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы Персоналды басқару департаментіне ұсыныстар әзірлеу;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде стратегиялық және операциялық жоспарды пысықтауды және келісуді қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардыңөтініштерін қарау ;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптама кеңесінің қарауына енгізу;";

      "мемлекеттік жастар және отбасы саясаты салаларында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, оның ішінде халықаралық құқықтық құжаттар ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жастар және отбасы мәселелері жөніндегі халықаралық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу;" деген жетінші абзац алып тасталсын;

      "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының қызметін үйлестіру, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет және қаржы тәртібін бақылауды қамтамасыз ету;" деген он төртінші абзац алып тасталсын;

      "жастар мәселелері бойынша халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;" деген он жетінші абзац алып тасталсын;";

      "Ведомствоаралық үйлестіру және өңірлік өзара іс-қимыл басқармасы" деген бөлімде:

      "іске асыру" деген бөлімше:

      мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтармен толықтырылсын:

      "тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      Басқарманың құзыреті шеңберінде жинақтардың, ашық деректердің уақытылы орналастырылуын және Комитет пен Министрліктің сайттарын жастар және отбасы саясаты салаларындағы қажетті ақпараттармен толықтыруда қамтамасыз ету;

      мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      Басқарманың құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;

      ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясаты салаларында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, оның ішінде халықаралық құқықтық құжаттар ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жастар және отбасы мәселелері жөніндегі халықаралық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу;

      Комитет реттейтін салада жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптама кеңесінің қарауына енгізу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпараттар, анықтамалар, шолулар дайындау;";

      "Жобаларды үйлестіру басқармасы" деген бөлімде:

      "іске асыру" деген бөлімшеде:

      "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының бюджет және қаржы қызметі жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үйлестіру;" деген он үшінші абзац алып тасталсын;

      "Комитеттің құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;" деген он бесінші абзац алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтармен толықтырылсын:

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру аясында жастар және отбасы саясаты саласындағы іс-шаралардың уақытылы орындалуына мониторингті жүзеге асыру;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру жөніндегі конкурстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

      Комитеттің құзыреті шегінде көрсетілген қызметтердің актілерін қарау және келісу;

      Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған және жүзеге асырылатын тақырыптарын және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалауды Министрліктің интернет-ресурсында орналастыру;

      Басқарманың құзыреті шеңберінде жинақтардың, ашық деректердің уақытылы орналастырылуын және Комитет пен Министрліктің сайттарын жастар және отбасы саясаты салаларындағы қажетті ақпараттармен толықтыруда қамтамасыз ету;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясаты мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және гранттық қаржыландыруды қалыптастыруға, іске асыруға, іске асырылуын мониторингілеуге және нәтижелерін бағалауға қатысу;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      Басқарманың құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақытылы орындау, нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;".

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне толықтырулар енгізу туралы тіркеуші органды хабардар етуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
А. Балаева