"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 30 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 1 шiлдедегi № 215 бұйрығы

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 30 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      15-тармақта:

      "Жастар саясатын үйлестіру басқармасы" бөлімінде:

      "іске асыру" кіші бөлімі:

      мынадай мазмұндағы жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру, оператор арқылы гранттар беру, интернет-ресурста мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбын орналастыру және нәтижелерін бағалау;";

      "Отбасы саясатын үйлестіру басқармасы" бөлімінде:

      "іске асыру" кіші бөлімі:

      мынадай мазмұндағы жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру, оператор арқылы гранттар беру, интернет-ресурста мемлекеттік отбасылық саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбын орналастыру және нәтижелерін бағалау;";

      "Мониторинг және талдау басқармасы" бөлімінде:

      "іске асыру" кіші бөлімі:

      мынадай мазмұндағы жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру, оператор арқылы гранттар беру, интернет-ресурста мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбын орналастыру және нәтижелерін бағалау;";

      "Ведомствоаралық үйлестіру және өңірлік өзара іс-қимыл басқармасы" бөлімінде:

      "іске асыру" кіші бөлімі:

      мынадай мазмұндағы он алтыншы және он жетінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру, оператор арқылы гранттар беру, интернет-ресурста мемлекеттік жастар және отбасылық саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбын орналастыру және нәтижелерін бағалау;";

      "Жобаларды үйлестіру басқармасы" бөлімінде:

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгiнiң Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне толықтырулар енгізу туралы тіркеуші органға хабарлауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
А. Балаева