Қазақстан Республикасы Премьер–Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарын жоққа шығару туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 43-Ө бұйрығы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65-бабы 3-тармағына, және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Келесі бұйрықтар жоққа шығарылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 408 бұйрығы;

      2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 475 бұйрығы.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрықтың 1-тармағы 1) және 2) тармақшалары 2019 жылдың 30 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасың
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
М. Мырзағалиев