"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 112 бұйрығы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығына ("Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс.";

      14-тармақта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "7) Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;";

      32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "32) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық шарттарды әзірлеуге қатысу, олардың орындалуын қамтамасыз ету, халықаралық спорт ұйымдарында және халықаралық спорттық іс-шараларда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;";

      19-тармақта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "7) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды, Комитет қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "11) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

      Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.";

      Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бір апталық мерзімде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрық күшіне енгізілген күнінен бастап он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы