"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 475 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 209 бұйрығы.

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 11 қарашадығы № 475 бұйрығына (2016 жылғы 22 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Комитеттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров