"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 422 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының 2019 жылғы 16 қаңтардағы № П-3 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті туралы ереже;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті туралы ереже;
3) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті туралы ереже;
4) Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті туралы ереже;
5) Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті туралы ереже;
6) Осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті туралы ереже;
7) Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті туралы ережесі;
8) Осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті туралы ереже;
9) Осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті туралы ереже;
10) Осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті туралы ереже;
11) Осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті туралы ереже;
12) Осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті туралы ереже;
13) Осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті туралы ереже;
14) Осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті туралы ереже;
15) Осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті туралы ереже;
16) Осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті туралы ереже;
17) Осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті туралы ереже бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті туралы ережеде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті туралы ережесі";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес органның жүргізуіне жататын қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындауға уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып табылады.";
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Департаменттің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі, 43.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.".
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы |
Ә. Сқақов |