БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) кейбір бұйрықтарына мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Комитет Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығында":
67) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"67) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алтай ауданы - Алтай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесі осы бұйрыққа 67-қосымшаға сәйкес;";
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген Комитеттің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті туралы ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Департаменттің заңды мекенжайы: пошта индексі 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 21 "А".";
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Комитеттің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Басқарманың заңды мекенжайы: пошта индексі 021200, Қазақстан Республикасы, Ақмол заңды мекенжайы: пошта индексі 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 21 "А".";
көрсетілген бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес бекітілген Комитеттің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жарқайың ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Басқарманың заңды мекенжайы: пошта индексі 021200, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Державинск қаласы, Ниязбаев көшесі, 35 "А".";
көрсетілген бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес бекітілген Комитеттің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Бурабай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Басқарманың заңды мекенжайы: пошта индексі 021700, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Шучинск қаласы, Луначарский көшесі, 90.";
көрсетілген бұйрыққа 66-қосымшаға сәйкес бекітілген Комитеттің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Басқарманың заңды мекенжайы: пошта индексі 070018, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 86.";
көрсетілген бұйрыққа 67-қосымшаға сәйкес бекітілген Комитеттің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алтай қаласы - Алтай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесінде:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алтай ауданы - Алтай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесі";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алтай ауданы - Алтай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесi.";
көрсетілген бұйрыққа 118-қосымшаға сәйкес бекітілген Комитеттің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Приозерск қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Басқарманың заңды мекенжайы: пошта индексі 101100, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Ағыбай батыр көшесі, 18.";
көрсетілген бұйрыққа 124-қосымшаға сәйкес бекітілген Комитеттің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Нұра ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Басқарманың заңды мекенжайы: пошта индексі 100900, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Нұра кенті, Абай көшесі, 50.";
көрсетілген бұйрыққа 225-1-қосымшаға сәйкес бекітілген Комитеттің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментiнің Байқоныр ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесінде:
8-тармағында орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тілінде мәтіні өзгермейді;
2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы" Комитет төрағасының міндетін атқарушының 2016 жылғы 21 қазандағы № 595 бұйрығына:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Комитеттің Орталық кеден зертханасы туралы ережесінде:
15-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін ведомстволық, жеке, дозиметриялық бақылауды жүргізу;";
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілген Комитеттің Оқу-әдістемелік орталығы туралы ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі – Оқу-әдістемелік орталығы) мемлекеттік мекеме нысанындағы, Қазақстан Республикасының Үкіметімен құрылатын және таралатын, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі функцияларды орындауға уәкілетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) мамандандырылған мемлекеттік мекемесі болып табылады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Оқу-әдістемелік орталықтың міндеттері:
1) мемлекеттік кірістер органдарының жанадан қабылданған қызметкерлерін даярлау оқыту процесін олардың кәсіби білімі мен дағдыларын алу мақсатында ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
2) халықаралық стандарттарға сәйкес, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру;
3) мемлекеттік кірістер органдарының зияткерлік, мәдени және адамгершілік дамуымен білікті кадрлармен қажеттілігін қанағаттандыру, Қазақстан Республикасының кеден, салық және өзге заңнамалары саласында дағдыларға ие болу;
4) кәсіби даярлаудың мемлекеттік және халықаралық білім беру стандарттарының оқу процесі барысында игеру және іске асыру;
5) мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінің кәсіпқойлығын арттыру мақсатында білімді тарату және беру;
6) Дүниежүзілік кеден ұйымына (бұдан әрі – ДКҰ) мүше мемлекеттердің кеден қызметі бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін оқыту бойынша халықаралық ынтымақтастықты және өзара іс - қимылды дамыту.";
1), 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Комитеттің, оның аумақтық органдарының қызметкерлерінің даярлауын, қайта даярлауын және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінің тұрақты оқыту сапасын жақсарту, оқу процесін ұйымдастыру нысандары мен әдістерін жаңғырту негізінде, даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыруды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
3) мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін Қазақстан Республикасының кеден, салық және өзге заңнама саласында оқыту процесін ұйымдастыру;";
13) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"13) мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және өткізу;
14) Комитет қызметінің өзекті бағыттары бойынша талдау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Оқу-әдістемелік орталығының құқықтары және міндеттемелері:
1) Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттерінің кеден, салық және өзге заңнамасын қолдану практикасын талдау және қорытындылау, сондай-ақ кеден және салық заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен, мемлекеттік және өзге органдарымен, сондай-ақ шет елдердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
3) ұйымдастырушылық құрылым, Оқу-әдістемелік орталығы қызметкерлерінің еңбегін ынталандыру мен жұмысты ұйымдастыру нысанын анықтау бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4) материалдық-техникалық және әлеуметтік базаны дамыту;
5) мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте талдау, оқу және шығармашылық жұмыстарын жүзеге асыру;
7) Оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлерін қызметтік іссапарларға жіберу;
8) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің оқу мекемелерімен, ұйымдарымен мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің даярлауы, қайта даярлауы және біліктілігін арттыруы бойынша өзара іс-қимыл жасау;
9) мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін жоғары денгейде оқытуды, қайта оқытуды жүзеге асыру;
10) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүргізу;
11) Оқу-әдістемелік орталығында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты профилактикалауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;
12) Оқу-әдістемелік орталығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды тұрақты негізде қамтамасыз ету;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтар мен міндеттемелерді жүзеге асыру.";
18-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) өз құзыреті шегінде жеке сипаттағы құқықтық актілерге қол қояды;".
2. Комитеттің Заң басқармасы (О.А. Әбдірахманов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жолдауды;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Комитеттің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің басшылары заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың іске асырылуы үшін қажетті шаралар қабылдасын.
4. Комитеттің Персоналды басқару және ұйымдастыру-қаржы жұмысы департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасы (Ә.Ы. Қабдуақасов) осы бұйрықты Комитеттің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің назарына жеткізсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Қаржы министрлігінің | |
Мемлекеттік кірістер | |
комитеті Төрағасы | М. Сұлтанғазиев |