"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті қалалық, аудандық (қалалардағы аудандық) төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының 2014 жылғы 15 қарашадағы № 38 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 31 бұйрығы

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 605 "Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданын қайта атау туралы", 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 820 "Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданын қайта атау туралы", 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 821 "Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданын және Зырян қаласын Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы және Алтай қаласы деп қайта атау туралы" Жарлықтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті қалалық, аудандық (қалалардағы аудандық) төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының 2014 жылғы 15 қарашадағы № 38 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9885 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Алтай ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы туралы ереже;";

      36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "36) осы бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Біржан сал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі туралы ереже;";

      114) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "114) осы бұйрыққа 114-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Бәйтерек ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі туралы ереже;";

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Басқарманың заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, "Байқоңыр" ауданы, Жақып Омаров көшесі, 91 үй.";

      көрсетілген бұйрыққа 9-қосымшада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Алтай ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы туралы ереже";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Алтай ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментіне (бұдан әрі – Департамент) тікелей бағынатын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Басқарманың заңды мекенжайы: 070804, Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, Комсомольская көшесі, 9.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Басқарманың толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Алтай ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.";

      18-тармақта:

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) Алтай ауданының аумағында орналасқан өртке қарсы қызметтерге қатысты аға жедел бастық болып табылады;";

      көрсетілген бұйрыққа 36-қосымшада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Біржан сал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі туралы ереже";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Біржан сал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментіне (бұдан әрі – Департамент) тікелей бағынатын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бөлімнің заңды мекенжайы: 020700, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, Абылайхан көшесі,18.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Бөлімнің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Біржан сал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі.";

      18-тармақта:

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) Біржан сал ауданының аумағында орналасқан өртке қарсы қызметтерге қатысты аға жедел бастық болып табылады;";

      көрсетілген бұйрыққа 114-қосымшада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Бәйтерек ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі туралы ереже";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Бәйтерек ауданының төтенше жағдайлар бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментіне (бұдан әрі – Департамент) тікелей бағынатын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бөлімнің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индекс 090600, Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Переметное селосы, Әуезов көшесі, 169 үй.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Бөлімнің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Бәйтерек ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі.";

      18-тармақта:

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) Бәйтерек ауданының аумағында орналасқан өртке қарсы қызметтерге қатысты аға жедел бастық болып табылады;";

      көрсетілген бұйрыққа 176-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Басқарманың заңды мекенжайы: 141200, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Щарбақты ауылы, Баян батыр көшесі 11.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Астана қаласының (Б.О. Дұзақбаев), Ақмола облысының (А.С. Советов), Шығыс Қазақстан облысының (Н.А. Мадьяров) Батыс Қазақстан облысының (Ж.Қ. Жұмашев) және Павлодар облысының (А.А. Темірбаев) Төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты іске асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіпте қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Заң басқармасы (С.М. Жұматов) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігі
      Төтенше жағдайлар комитетінің
      төрағасы генерал-майор В. Беккер