"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 33 бұйрығы

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды;

      2) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде оның электронды түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр Д. Абаев

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2019 жылғы 28 наурыздағы
№ 33 бұйрығымен
бекітілді

"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі - Комитет) діни қызмет саласын реттейтін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ведомствосы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      5. Комитет, егер оған Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Комитеттің орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс.

      9. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      13. Комитет келесі басқармаларадан құрылған:

      1) Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасы;

      2) Христиандық және басқа діни бірлестіктермен байланыстар басқармасы;

      3) Діни экстремизмнің алдын алу және оңалту жұмыстары басқармасы;

      4) Дінтану сараптамасы басқармасы;

      5) Діни білім беру ұйымдарымен байланыс басқармасы;

      6) Діни қызмет саласындағы құқық қолдану практикасы басқармасы;

      7) Жиынтық талдау және жоспарлау басқармасы;

      8) Өңірлік жұмысты үйлестіру басқармасы.

2-тарау. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

      13. Міндеттері:

      1) діни қызмет саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      2) Комитетке жүктелген өзге де міндеттер.

      14. Функциялары:

      Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасы:

      стратегиялық:

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      діни қызмет, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, құжаттары іс-шараларының сапалы және уақтылы орындалуы бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде шетелдік серіктестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;

      іске асыру:

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      жастар ұйымдарымен конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      Комитеттің өз құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      Комитеттің өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету барысында тұтынушылар құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету;

      Комитеттің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

      Комитет реттейтін салаларда нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;

      діни қызмет мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауын келісу;

      Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру;

      реттеу:

      Комитет реттейтін салада нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;

      діни туризм саласында туроператорлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу.

      Христиандық және басқа діни бірлестіктермен байланыстар басқармасы:

      стратегиялық:

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      діни қызмет, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, құжаттары іс-шараларының сапалы және уақтылы орындалуы бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде шетелдік серіктестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;

      іске асыру:

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      жастар ұйымдарымен конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      Комитеттің өз құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      Комитеттің өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету барысында тұтынушылар құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету;

      Комитеттің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

      Комитет реттейтін салаларда нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;

      діни қызмет мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауын келісу;

      Қазақстан Республикасы аумағында құрылған діни бірлестіктердің, миссионерлердің және рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметіне зерделеу және талдау жүргізу;

      Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру;

      реттеу:

      Комитет реттейтін салада нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

      Діни экстремизмнің алдын алу және оңалту жұмыстары басқармасы:

      стратегиялық:

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      діни қызмет, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, құжаттары іс-шараларының сапалы және уақтылы орындалуы бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде шетелдік серіктестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;

      іске асыру:

      Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізу;

      өз құзыреті шегінде діни экстремизм мен радикализмнің алдын алуға бағытталған алдын алу шараларын іске асыру;

      деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталықтарымен және басқа да үкіметтік емес ұйымдармен Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен діни экстремизмнің алдын алу және оңалту жұмысы мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу, әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      жастар ұйымдарымен конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      Комитеттің өз құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      Комитеттің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

      Комитет реттейтін салаларда нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;

      діни қызмет мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру;

      реттеу:

      Комитет реттейтін салада нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      Комитет реттейтін салада жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

      Дінтану сараптамасы басқармасы:

      стратегиялық:

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      діни қызмет, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, құжаттары іс-шараларының сапалы және уақтылы орындалуы бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде шетелдік серіктестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;

      іске асыру:

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      жастар ұйымдарымен конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      Комитеттің өз құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      дінтану сараптамасын жүргізуді қамтамасыз ету;

      Комитеттің өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету барысында тұтынушылар құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету;

      Комитеттің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

      Комитет реттейтін салаларда нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;

      діни қызмет мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру;

      реттеу:

      Комитет реттейтін салада нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      дінтану сараптамасын жүргізу үшін сарапшыларды тағайындау бойынша комиссия туралы ережені және комиссияның құрамын бекіту.

      Діни білім беру ұйымдарымен байланыс басқармасы:

      стратегиялық:

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      діни қызмет, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, құжаттары іс-шараларының сапалы және уақтылы орындалуы бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде шетелдік серіктестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;

      іске асыру:

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      жастар ұйымдарымен конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      Комитеттің өз құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      Комитеттің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

      Комитет реттейтін салаларда нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;

      діни қызмет мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      діни білім беру ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету, соның ішінде білім саласындағы заңнаманы және діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы сақтау бойынша;

      "Дінтану", "Исламтану", "Теология" мамандықтары бойынша, сондай-ақ христиандық және басқа да конфессиялар бойынша діни білім беру ұйымдарында кадрларды және оқу әдебиеттерін даярлау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      Басқарма құзыретінің шегінде діни білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      шетелдік теологиялық жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттерге мониторинг жүргізу барысында мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру;

      реттеу:

      Комитет реттейтін салада нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университетімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

      Діни қызмет саласындағы құқық қолдану практикасы басқармасы:

      стратегиялық:

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      діни қызмет, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, құжаттары іс-шараларының сапалы және уақтылы орындалуы бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде шетелдік серіктестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;

      іске асыру:

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      жастар ұйымдарымен конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      Комитеттің өз құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      Комитеттің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

      Комитет реттейтін салаларда нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;

      діни қызмет мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      заңнамада белгіленген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасау;

      Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру;

      реттеу:

      Комитет реттейтін салада нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      Комитет реттейтін салада жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылықты жүзеге асыру.

      Жиынтық талдау және жоспарлау басқармасы:

      ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету;

      діни қызмет мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету;

      діни қызметке зерделеу және талдау жүргізу;

      Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру;

      реттеу:

      Комитет реттейтін салада нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші органның қызметін қамтамасыз ету;

      Комитет реттейтін салада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу;

      Комитет реттейтін салада жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылықты жүзеге асыру.

      Өңірлік жұмысты үйлестіру басқармасы:

      стратегиялық:

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      діни қызмет, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, құжаттары іс-шараларының сапалы және уақтылы орындалуы бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде шетелдік серіктестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;

      іске асыру:

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      жастар ұйымдарымен конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      Комитеттің өз құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      Комитеттің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

      Дін істері комитеті реттейтін салаларда нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру;

      реттеу:

      Комитет реттейтін салада нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      Комитет реттейтін салада жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

      дін мәселелері бойынша республикалық және жергілікті ақпараттық-насихаттау топтары мүшелерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру.

      16. Құқықтары мен міндеттемелері:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген тәртіпте өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді қабылдау;

      2) Комитеттің құзыреті шегінде іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      3) Комитет жанынан консультативтік-кеңесші органдарды құру;

      4) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалды сұрату және алу;

      5) Комитетке берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыру;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

      7) Комитет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттемелерді жүзеге асырады.

3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      17. Комитетке басшылықты және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын төраға жүзеге асырады.

      18. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      19. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      20. Комитет төрағасының өкілеттігі:

      1) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысына Комитет құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді;

      2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, құрылымдық бөлімшелердің лауазымдық қызмет нұсқаулығын бекітеді;

      3) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет жұмыскерлерін лауазымға тағайындайды және босатады (Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда);

      4) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысына Комитет төрағасының орынбасарларын тағайындау мен қызметтен босату туралы, сондай-ақ оларды ынталандыру және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдар енгізеді;

      5) іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілгін арттыру, ынталандыру, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ Дін істері комитеті жұмыскерлерін (төрағаның орынбасарларын қоспағанда) тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;

      6) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басшылығымен келісім бойынша, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын тағайындайды;

      7) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды, Дін істері комитеті жұмыскерлерінің орындауы міндетті нұсқаулар береді;

      8) қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің мүддесін білдіреді;

      9) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шараларға дербес жауапты болады;

      10) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

      Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      21. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      22. Комитеттің Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      24. Егер Қазақстан Республикасы заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тару. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің "Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің "Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.