БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті мыналарды:
1) осы бұйрық көшірмесін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігіне жіберуді;
2) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде, қағаз және электрондық көшірмелерін оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілер Эталонды бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ұсынуды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 450 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Д. Абаев |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 32 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті туралы ережесі
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 02.09.2021 № 310 бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ақпарат саласындағы басшылықты жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
5. Егер Комитетке Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес уәкілеттілік берілсе, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің штат санының лимиті және құрылымы қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Комитеттің орналасқан жері: 010000, Қазакстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел көшесі, № 8 үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, 14-кіреберіс.
9. Комитеттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттiк мекемесi.
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитеттің кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге құғығы жоқ.
Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен түскен кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
13. Комитет құрамына мыналар кіреді:
1) Баспа БАҚ-та ақпараттық жұмыс басқармасы;
2) Теле-, радиоарналарда ақпараттық жұмыс басқармасы;
3) Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасы;
4) Қоғаммен байланыс орнату және мемлекеттік органдармен үйлестіру басқармасы;
5) Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы бақылау басқармасы;
6) Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы рұқсат беру құжаттары басқармасы;
7) Мемлекеттік ақпаратық саясатты талдау басқармасы;
8) Телерадио хабарларын тарату саласындағы жобаларды дамыту басқармасы.
2-тарау. Миссия, негiзгi мiндеттер, функциялар, құқықтар мен міндеттемелер
14. Миссиясы:
ақпараттық коммуникациялық кешенді дамыту мақсатында ақпарат саласындағы тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу.
15. Міндеті:
1) бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
2) бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
4) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық етуді жүзеге асыру;
5) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жоғарылату кезінде меритократия қағидатын сақтау;
6) телерадио хабарларын таратуды дамыту жөніндегі жобаларды әзірлеуге қатысу;
7) өз құзыретi шегiнде Комитетке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
16. Функциялары:
Баспа БАҚ-та ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасы:
стратегиялық:
Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
реттеуші:
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
мерзімді баспасөз басылымдарының заңнамалық актілерді ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу;
мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;
іске асыру:
құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасын келісу;
басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау;
мемлекеттік жастар саясаты бойынша мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру;
құзыреті шегінде мемелекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және насихаттау жөніндегі ақпараттық шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыруға қатысу;
Комитет құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша ведомствалық бағынышты мекемелерді мемлекеттік басқаруға қатысты тиісті салаға (аясына) басшылық етуді жүзеге асыру;
бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Комитеттің құзыреті шегінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;
басқарма құзыреті шегінде талаптар мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлеу;
басқарма құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік құпияны қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы халықты хабардар ету, насихаттау және қарсы насихаттау қызметін жүргізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
басқарма құзыреті шегінде іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi жауаптылыққа тарту;
республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;
басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;
басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтердің актілерін қарау және келісу;
басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;
мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілердің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық кеңестің қарауына енгізу;
қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;
құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асурыды қаматамасыз ету;
ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпаратты орналастыру;
басқарма құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және жаңарту;
ақпаратты ашық деректердің интернет-пор Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген өзге де функцияларды өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамсына сәйкес жүзеге асыру.
Теле-, радиоарналарда ақпараттық жұмыс басқармасы:
стратегиялық:
Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
реттеуші:
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
тиісті салаларда келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
"Тұмар" және "Үркер" ұлттық сыйлықтарын беру тәртібін, олардың ақшалай сыйақы мөлшері мен номинацияларын әзірлеу;
іске асыру:
басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасын келісу;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау;
мемлекеттік жастар саясаты бойынша мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру;
құзыреті шегінде мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және насихаттау жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Ақпарат комитеті құзыретінекіретін мәселелер бойынша ведомствалық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті салаын (аясына) басшылық етуді жүзеге асыру;
бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Комитеттің құзыреті шегінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;басқарма құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
басқарма құзыреті шегінде заңдардың және ұлттық қауіпсіздік саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік құпияны қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы халықты хабардар ету, насихаттау және қарсы насихаттау қызметін жүргізу;
басқарма құзыреті шегінде іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соқтыратын жауапты лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi жауаптылыққа тарту;
республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;
басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтердің актілерін қарау және келісу;
басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;
мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілердің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық кеңестің қарауына енгізу;
қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;
құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асурыды қаматамасыз ету;
ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпаратты орналастыру;
басқарма құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және жаңарту;
ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;
Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген өзге де функцияларды өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыру.
Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасы:
стратегиялық:
Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
реттеуші:
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
"Тұмар" және "Үркер" ұлттық сыйлықтарын беру тәртібін, олардың ақшалай сыйақы мөлшері мен номинацияларын әзірлеу;
іске асыру:
басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
Министрлік ведомствосының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасын келісу;
басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау;
мемлекеттік жастар саясаты бойынша мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру;
құзыреті шегінде мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және насихаттау жөніндегі ақпараттық шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыруға қатысу;
Комитеттің құзыреті шегінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;
Комитет құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша ведомствалық бағынышты мекемелерді мемлекеттік басқаруға қатысты тиісті салаға (аясына) басшылық етуді жүзеге асыру;
бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
басқарма құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;
басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік құпияны қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы халықты хабардар ету, насихаттау және қарсы насихаттау қызметін жүргізу;
басқарма құзыреті шегінде іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соқтыратын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi тиiсті жауаптылыққа тарту;
республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;
басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтердің актілерін қарау және келісу;
басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;
мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілердің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық кеңестің қарауына енгізу;
қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;
құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпаратты орналастыру;
басқарма құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және жаңарту;
ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;
Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген өзге де функцияларды басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыру.
Қоғаммен байланыс орнату және мемлекеттік органдармен үйлестіру басқармасы:
стратегиялық:
Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
реттеуші:
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқармының құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді және актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) туралы үлгі ережені әзірлеу;
мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ережені әзірлеу;
бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу;
белгілі бір аумақта халықтың тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарламалар беру қағидаларын әзірлеу;
іске асыру:
басқарманың құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз етуге қатысу;
құзыреті шегінде мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және насихаттау жөніндегі ақпараттық шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
басқарма құзыреті шегінде жастар ұйымдарымен, саяси партиялармен, коммерциялық емес ұйымдармен қарым қатынас және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру, іске асыру мониторингі мен нәтижесін бағалауды жүзеге асыру;
Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;
Комитет құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша ведомствалық бағынышты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық етуді жүзеге асыру;
Комитеттің құзыреті шегінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;
басқарма құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;
басқарма құзыреті шегінде іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соқтырған лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi жауаптылыққа тарту;
Комитетінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;
басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтердің актілерін қарау және келісу;
басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;
мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілердің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық кеңестің қарауына енгізу;
қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;
басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпаратты орналастыру;
басқарма құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және жаңарту;
ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;
Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген өзге де функцияларды басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыру.
Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы бақылау басқармасы:
стратегиялық:
Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
реттеуші:
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін әзірлеу;
телерадио хабарларын тарату сапасын бақылауды жүргізу тәртібін әзірлеу;
бақылау:
Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
заңнамада белгіленген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;
Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы заңнамасының сақталуына бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүзеге асыру;
"Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау тұрғысынан бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерінің мониторингін жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының телерадио хабар тарату жөніндегі заңнамасының, атап айтқанда, телерадио хабарларын тарату құралдарына техникалық талаптардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерінің және телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
"Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
лицензия алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген талаптарды сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат және телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау тиімділігінің мониторингін жүргізу;
бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату саласындағы бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар жолдау;
"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" және "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзу анықталған кезде нұсқамалар беру;
хаттамаларды жасау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану;
белгіленген құзырет шеңберінде тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда нұсқамалар мен хабарламалар жіберу;
іске асыру:
өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру, дамыту және қамтамасыз ету, сонымен қатар, ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;
басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз етуге қатысу;
Ақпарат комитетінің құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша ведомствалық бағынышты мекемелерді мемлекеттік басқаруға қатысты тиісті салаға (аясына) басшылық етуді жүзеге асыру;
Комитеттің құзыреті шегінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;
басқарма құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;
мерзiмдi баспа басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивтерін қалыптастыру;
басқарма құзыреті шегінде іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соқтыратын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi жауаптылыққа тарту;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қоюды беру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;
басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;
басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтердің актілерін қарау және келісу;
басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;
мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілердің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық кеңестің қарауына енгізу;
қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;
басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпаратты орналастыру;
басқарма құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және жаңарту;
ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;
Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген өзге де функцияларды басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыру.
Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы рұқсат беру құжаттары басқармасы:
стратегиялық:
Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
реттеуші:
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
есепке қою үшін өтініш берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу;
теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды және бұқаралық ақпарат құралдары саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындайтын нормативтік құқықтық актіні әзірлеу;
телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін әзірлеу және рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу;
Комитет реттейтін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
іске асыру:
өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;
Министрліктің ведомствосы құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қоюды, қайта есепке алуды жүзеге асыру;
отандық теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;
теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру;
есепке қойылған мерзімді баспасөз басылымдарының, ақпараттық агенттiктер мен желілік басылымдардың тізілімдерін жүргізу;
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алудың бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзу;
эротикалық сипаттағы материалдарды орналастыратын мерзімді баспасөз басылымдарын немесе интернет-ресурстарды тарататын субъектілердің тізілімін жүргізу;
есепке қою үшін өтініш берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан сараптама жүргізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру;
ақпараттандыру саласындағы өкілетті органның келісімімен, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемелекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру және оңтайландыруды қамтамасыз ету;
басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз етуге қатысу;
Комитеттің құзыреті шегінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;
ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызмет енгізілгеннен кейін оны электрондық форматта көрсетуге ауыстыру бойынша шаралар қабылдау;
республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;
басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтердің актілерін қарау және келісу;
басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;
мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілердің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық кеңестің қарауына енгізу;
қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;
басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпаратты орналастыру;
басқарма құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және жаңарту;
ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;
Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген өзге де функцияларды басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыру.
Мемлекеттік ақпараттық саясатты талдау басқармасы:
стратегиялық:
Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
реттеуші:
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін әзірлеу;
республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын әзірлеу;
өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін әзірлеу;
Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу;
бюджетті жоспарлау саласындағы уәкілетті органның келісу бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемелекеттік ақпараттық саясат жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын анықтау әдістемесін әзірлеу;
іске асыру:
басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау;
басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз етуге қатысу;
жоғары тұрған мемлекеттік басқару органдарымен және Комитеттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау;
Ақпарат комитеті құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша ведомствалық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық етуді жүзеге асыру;
республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;
Ақпарат комитетінің құзыреті шеңберінде бюджеттік өтінімді, мемлекеттік сатып алу жоспарын қалыптастыру бойынша үйлестіру;
Комитеттің құзыреті шегінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты іске асыруды жалпы үйлестіру;
мемлекеттік ақпараттық тапсырыс конкурсын өткізу туралы ақпараттық хабарламаны уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру;
мемлекеттік ақпараттық тапсырыс мәселелері жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз ету;
мемлекеттік ақпараттық тапсырысты жүргізуге арналған шарттарды әзірлеу;
басқарма құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;
басқарма құзыреті шегінде іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соқтыратын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi жауаптылыққа тарту;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;
басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтердің актілерін қарау және келісу;
басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;
мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілердің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық кеңестің қарауына енгізу;
қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;
басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпаратты орналастыру;
басқарма құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және жаңарту;
ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;
Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Телерадио хабарларын тарату саласындағы жобаларды дамыту басқармасы:
стратегиялық:
Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
реттеуші:
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
өз құзыреті шегінде техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу;
міндетті теле -, радиоарналардың тізбесін әзірлеу;
телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын әзірлеу;
ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле -, радиоарналардың тізбесін әзірлеу;
телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу;
телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтер көрсету қағидаларын әзірлеу;
телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлеу;
теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарының телерадио хабар тарату операторлар желісіне қосылу тәртібін әзірлеу;
Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерін және телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерін өлшеу әдістемесін әзірлеу;
Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның ережесін әзірлеу және құрамына ұсыныстар енгізу;
өз құзыреті шегінде телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерді, оның ішінде телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын, телерадио хабарларын тарату сапасына бақылау жүргізу қағидаларын, теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу қағидаларын әзірлеу;
өз құзыреті шегінде телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерді, оның ішінде телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларын әзірлеу;
телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторының еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың (цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарату, сондай-ақ ұқсас телерадио хабарларын тарату арқылы) таралуын қаржылық қамтамасыз ету бөлігіндегі қызметін үйлестіру;
іске асыру:
басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;
Министрлік ведомствосының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Телерадио хабар таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы аумағында радиохабарларын таратуды дамыту мәселелері бойынша жобалар әзірлеу;
басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз етуге қатысу;
Ақпапарат комитеті құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша ведомствалық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық етуді жүзеге асыру;
цифрлық эфирлік хабар таратуды енгізу бөлігінде Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторының қызметін үйлестіру;
Телерадиохабар тарату ұлттық операторының қызметін, оның ішінде міндетті теле-, раидоарналар мен еркі қолжетімді теле-, радиоарналардың қаржылық қамтамасыз етілуін үйлестіру;
телерадио хабар тарату саласындағы материалдық-техникалық базаны жетілдіру мәселелері бойынша Министрлік бағынысындағы ұйымдардың қызметін үйлестіру;
Ұлттық оператордың телерадио хабар тарату саласында көрсетілетін қызметтер тарифінің есептерін келісу;
басқарма құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабар тарату мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
Комитеттің құзыреті шегінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;
басқарма құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;
басқарма құзыреті шегінде талаптар мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлеу;
басқарма құзыреті шегінде іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соқтыратын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi жауаптылыққа тарту;
Телерадио хабар таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия құрамы жөнінде ұсыныс енгізу;
телерадио хабарларын тарату мақсатында жиіліктер жолағын, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және бекіту бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;
міндетті теле, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және бекіту бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;
республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;
техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді әзірлеу;
техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және орындау;
сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және реттелетін салада сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнім жөніндегі зертханаларды құру, жаңғырту және жарақтандыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу туралы ұсыныстар дайындау және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;
басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтердің актілерін қарау және келісу;
басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;
мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілердің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық кеңестің қарауына енгізу;
қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;
басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпаратты орналастыру;
басқарма құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және жаңарту;
ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;
Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен және басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
17. Комитеттің құқықтары мен міндеттері:
Комитет:
1) өз құзыреті шеңберінде құқықтық актілерді шығаруға;
2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
3) ақпарат пен бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізуге;
5) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құру жөнінде ұсыныс енгізуге;
6) өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартуға;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Комитеттің міндеттеріне:
1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер дайындау;
4) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдарына бұл туралы ресми сауал жолдаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;
5) Комитеттің теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;
6) Комитетке бөлінген бюджеттік қаражаттарды толық, уақтылы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу кіреді.
3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
18. Комитетті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын төраға басқарады.
19. Төраға Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
20. Төрағаның заңнамада белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
21. Комитет төрағасы Комитеттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.
22. Комитеттің төрағасы осы мақсаттарда:
1) Министрдің, Министрліктің аппарат басшысының және жетекшілік ететін вице-министрдің тапсырмаларын міндетте түрде орындайды;
2) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін айқындайды;
3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
4) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерінің іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақылар төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Комитеттің мүддесін білдіреді;
7) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерін бекітеді;
8) мемлекеттік сатып алулардың қорытындылары бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға, орындалған жұмыстардың актілеріне, сондай-ақ жетекшілік ететін салалар шеңберіндегі шарттарға қол қояды.
9) сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындауына әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе әрекеттері белгілі болған кезде, ол туралы, Министрліктің басшылығын хабардар етеді;
10) Комитет қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;
11) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін жеке жауаптылықта болады;
12) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы, телерадио хабар тарату және байланыс туралы заң талаптарын бұзушылық анықталған кезде, ұйғарым береді;
13) "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары, телерадио хабарларын тарату саласында қызметпен айналысу үшін лицензия және рұқсат береді;
14) өз құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Комитет төрағасының өкілеттігін орындауды ол болмаған кезде, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын адам жүзеге асырады.
23. Комитет төрағасының орынбасарлары:
1) өз өкілеттігі шегінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;
2) Министрдің, Министрліктің аппарат басшысының, жетекшілік ететін вице-министрдің және Комитет төрағаның тапсырмаларын міндетте түрде орындайды;
3) өзге де функцияларды жүзеге асырады.
4-тарау. Комитеттің мүлкі
24. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар.
25. Комитет мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктерден қалыптасады.
26. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
27. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше белгіленбесе, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де жолмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
28. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.