Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 7 тамыздағы № 64 бұйрығы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 16-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті туралы ереже;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша және Түркістан облысы бойынша департаменттерінің бастықтары:

      1) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шараларды қабылдауды;

      2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2018 жылғы 7 тамыздағы
№ 64 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы болып табылады.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бұйрықтарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, оның мемлекеттік тілде атымен мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес казначейлік органдарында есепшоттары, нақты және шартты атаулары, мәдени-тұрмыстық және медициналық мақсаттағы объектілері бар.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.

      5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапына қатысуға құқығы бар.

      6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы мен штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітеді.

      Департамент оның құрылымын құрайтын басқармалардан, бөлімдерден, бөлімшелерден тұрады. Оның құрамына мынадай оқшауланған құрылымдық бөлімшелер кіреді:

      1) Әл-Фараби аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы;

      2) Абай аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Шымкент қаласының Абай ауданы;

      3) Еңбекші аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Шымкент қаласының Еңбекші ауданы;

      4) Қаратау аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Шымкент қаласының Қаратау ауданы.

      8. Департаменттің заңды мекенжайы: 160000, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 36.

      9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Департамент қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Департаменттің функциясына кіретін міндеттерді орындау тұрғысында Департаментке оны орындау үшін кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Департаментке заң актілері бойынша табыс алып келетін қызметпен айналысуға құқық берілген болса, онда, ол қызметтен келіп түскен табыс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Департаменттің негізгі мақсаттары, функциялары, міндеттері мен құқықтары

      13. Департаменттің Шымкент қаласы шегіндегі негізгі мақсаттары:

      1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

      2) "Сыртқы барлау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау ақпаратын табу;

      3) қарсы барлау қызметін жүзеге асыру;

      4) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, экономикалық әлеуетін және қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталған террористік және өзге де іс-әрекеттерді анықтау, алдын алу және жолын кесу;

      5) Шымкент қаласы аумағында терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қиымл саласындағы қызметті үйлестіруге қатысу;

      6) заңнамамен ұлттық қауіпсіздік органдарының құзырына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу;

      7) қарсы барлау, жедел іздестіру қызметі субъектілерінің тапсырмалары бойынша қарсы барлау, жедел іздестіру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін ұйымдастыру және өткізу;

      8) қарсы барлау, жедел іздестіру қызметі субъектілерінің тапсырмалары бойынша қарсы барлау, жедел іздестіру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін өткізуді қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;

      9) Департаменттің ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық (кибер) қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      10) мемлекеттік құпияларды қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

      11) мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысу;

      12) техникалық барлауға қарсы іс-қимыл бойынша қызметті жүзеге асырады;

      13) Қазақстан Республикасының заңдарымен, Президентінің және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының актілерімен анықталатын өзге де мақсаттар болып табылады.

      14. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және өз құзыреті шегінде Шымкент қаласының аумағында мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

      2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік (салалық) бағдарламаларды іске асыруға қатысады;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшыларының келісімімен және өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес халықаралық, мемлекетаралық және өзге де ұйымдардың жұмысына қатысады, ұлттық қауіпсіздік органдарының құзыретіне жататын қызмет саласында шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен, құқық қорғау органдарымен және шет мемлекеттердің үкіметтік және арнайы байланыс органдарымен, халықаралық қауіпсіздік құрылымдарымен және құқық қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимылды және халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етеді;

      4) мемлекеттік органдарды ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы шешімдерді қабылдау үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді;

      5) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының шекаралық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған барлау, қарсы барлау және жедел іздестіру қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      6) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталған терроризмге, экстремизмге және өзге де іс-әрекеттерге қарсы күрес бойынша шараларды әзірлейді және іске асырады, терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Шымкент қаласының аумағында терроризмге қарсы операцияларды өткізуді ұйымдастырады;

      7) террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғау деңгейін арттыруға террористік қауіп-қатердің сипаты мен өзіндік ерекшелігі туралы олардың басшыларына ақпарат беру, терроризмге қарсы іс-қимыл және терроризмге қарсы қорғау бойынша ұсынымдар әзірлеу, террористік тұрғыдан осал объектілерде терроризмге қарсы практикалық оқу-жаттығулар өткізу арқылы ықпал етеді;

      8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қауіпсіздік және террористік қауіп-қатерлерді бейтараптандыруға дайындық жүйесін жетілдіру бойынша шаралар кешенін іске асыруына бақылау жасауды жүзеге асырады;

      9) азаматтарды әскери қызметке шақыру мерзімінде шақыру комиссиясының жұмысына қатысады;

      10) Қазақстан Республикасы жергілікті әскери басқару органдары ұсынған жиынтық деректердің негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қажеттілігі үшін шақырылушы контингентке мониторинг пен іріктеуді жүзеге асырады;

      11) шектес мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын жаппай өту, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту әрекеттері, терроризм актілері, Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып, билікті күшпен басып алу немесе билікті күштеп ұстау әрекеттері, диверсия, қарулы көтеріліс салдарынан туындаған әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды анықтайды, ескертеді және жолын кеседі, сондай-ақ "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де іс-қимылдарды жүзеге асырады;

      12) заңнамамен белгіленген тәртіпте жедел іздестіру және қарсы барлау (оның ішінде радиоқарсыбарлау) қызметін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастырады және тікелей жүзеге асырады;

      13) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарына, Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына қоғамдық қауiпсiздiктi, заңдылықты, құқықтық тәртiптi, елдiң қорғаныс қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етуге, өзге де алға қойылған мiндеттердi шешуге көмек көрсетедi;

      14) уәкiлеттi органдармен бірлесіп қарсыластың барлау-бүлдiру акциясын жүргiзуi үшiн жағдай жасайтын сыртқы және iшкi факторларды жою және бейтараптандыру бойынша, оның iшiнде трансұлттық қылмыстық қоғамдастыққа, заңсыз көшi-қонға, қару-жарақтардың, оқ-дәрiлердiң, жарылғыш және уландырғыш заттардың, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдар мен электрондық құрылғылардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл бойынша шаралар әзiрлеуге және жүзеге асыруға қатысады;

      15) Қазақстан Республикасының мүддесіне өз құзыреті шегінде барлау қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      16) ұлттық қауiпсiздiк органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен, сондай-ақ өзге де ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;

      17) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардағы мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қарсы барлаулық қорғау бойынша шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады, сондай-ақ олардың аталған саладағы қызметiн бақылайды;

      18) Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерге рұқсатты ресiмдеуге (қайта ресiмдеуге), сондай-ақ ұйымдарға мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi пайдалануға байланысты қызметке рұқсат беруге арнайы тексеру жүргiзумен, мемлекеттiк құпияларды қорғау құралдарын жасаумен, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды қорғау бойынша iс-шараларды жүргiзумен және (немесе) қызмет көрсетулермен байланысты шараларды iске асырады;

      19) Шымкент қаласының аумағындағы шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң және халықаралық ұйымдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша басқа құзыреттi органдармен өзара iс-қимылда шаралар қолданады;

      20) мемлекеттік қызметке кіретін (онда жұмыс істейтін) Қазақстан Республикасының азаматтарына заңнамада белгіленген тәртіпте және шектерінде міндетті арнайы тексеруді ұйымдастырады;

      21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шектерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында жұмысқа тартылатын шетелдіктерге міндетті арнайы тексеруді жүргізеді;

      22) техникалық барлауға қарсы іс-қимыл бойынша қызметті жүзеге асырады;

      23) ұлттық қауіпсіздік органдары өткізетін қарсы барлау, жедел іздестіру іс-шаралары мен тергеу әрекеттерін техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      24) киберкеңістікте мемлекет ақпаратын, коммуникацияларын және стратегиялық инфрақұрылым объектілерін киберқорғау бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;

      25) қарсы барлау, жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын барлық органдардың міндеттерін шешу мүддесінде байланыс желілерін пайдаланумен байланысты қарсы барлау, арнайы жедел іздестіру іс-шараларын техникалық тұрғыда жүзеге асырады;

      26) радиоэлектрондық және радиотехникалық барлауды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады;

      27) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда құпиялылық режимін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді және бақылайды;

      28) мемлекеттік құпияларды қорғау саласында әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыстық теріс әрекеттер бойынша сотқа дейінгі өндірісті ұйымдастырады және тікелей жүзеге асырады;

      29) мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша нормативтік және әдістемелік актілерді әзірлеу мен орындау мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғау органдарының қызметін үйлестіреді және бақылайды;

      30) мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша Шымкент қаласының аумағында құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесінің орындалуын бақылайды;

      31) байланыс желілері мен құралдарын жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне залал келтіретін қылмыстық мақсаттарда пайдалануды анықтауды және жолын кесуді қамтамасыз етеді;

      32) Департамент қызметкерлері мен жұмыскерлерін, сондай-ақ құпия көмекшілерді қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      33) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қорғалуға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

      34) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін, мекемелердің ведомстоволық қатыстылығын, үй-жайлар мен көлік құралдарын шифрлау бойынша шараларды жүзеге асырады;

      35) Департаменттің қызметкерлері мен жұмыскерлерін жауынгерлік, техникалық, материалдық, қаржылық, ғылыми, ақпараттық, құқықтық, әлеуметтік-тұрмыстық, әскери-медициналық (медициналық) және басқа да түрлерімен қамтамасыз етуді, оның ішінде ғимараттар мен құрылыстарды күрделі салуды және қайта жаңғыртуды, жөндеуді ұйымдастырады;

      36) ұлттық қауіпсіздік органдары құзыретінің шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;

      37) Департаментте архивтік істі ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және сол мақсатта ақпараттық жүйелерді қолданады;

      38) жедел-қызметтік іс-қимылды қамтамасыз ету шеңберінде психологиялық-әлеуметтанулық және психофизиологиялық зерттеулерді жүргізеді;

      39) полиграфологиялық зерттеулер өткізеді және нәтижелерін Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарындағы ақпараттық жүйелерде есепке алуды жүзеге асырады;

      40) әскери-дәрігерлік сараптама, оның ішінде ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етуге денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығын, азаматтардың ауыруларының, мертігулерінің (жараланулардың, жарақаттанулардың, контузия алудың) немесе қайтыс болуының ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет өткеруіне (міндеттерін орындау) байланыстылығын анықтау үшін психофизиологиялық куәландыру, сондай-ақ есірткіге қатысты тест жүргізеді;

      41) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайды және әкімшілік жаза қолданады;

      42) ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қозғайтын оқиғалар мен фактілер туралы ақпаратты уақтылы алу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың кезекші қызметтерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      43) ғимараттарды, объектілерді күзетуді, сондай-ақ өткізу және ішкі объектілік режимді қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      44) Департаментте құқықтық тәртiптi қамтамасыз етедi;

      45) Департаментте мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану аясын кеңейту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді;

      46) мемлекеттік органдарда және ұйымдарда мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысады, мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесін дамытады және жетілдіреді;

      47) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар бойынша ұсыныстарды дайындайды;

      48) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға және ұйымдарға практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;

      49) мемлекеттік органдарға және ұйымдарға Қазақстан Республикасының ұлттық мүлделерін жылжытуға көмек көрсетеді;

      50) мемлекеттік органдарды және стратегиялық объектілерді қарсы барлаумен қамтамасыз етуді жүзеге асырады, мемлекеттік органдарға экономикалық қауіпсіздікке қауіп-қатерлерді бейтараптандыруға көмек көрсетеді;

      51) өз құзыреті шегінде аумақтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлауға және жүзеге асыруға қатысады;

      52) Шымкент қаласы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының өте маңызды объектілерін қарсы барлаумен қорғауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      53) Шымкент қаласы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы өте маңызды объектілерінің қорғалу жағдайын тексеру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді;

      54) Қазақстан Республикасының мүлдесіне қарсы киберқылмыстық іс-әрекетке тартылған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мамандарды айқындау, жолын кесу және ыдырату бойынша қарсы барлау, жедел іздестіру іс-шараларын ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      55) Департаменттің ақпараттық жүйелерінің және электрондық ақпараттық ресурстарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру бойынша іс-шараларды жүргізеді;

      56) Департаменттің ақпараттандыру объектілерінің қорғалу деңгейін қорғауды қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне ден қою шараларын қабылдайды;

      57) есептеуіш техника құралдарын пайдалану кезінде ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне ден қоюды және олардың Департаментте регламенттелген түрде қолданылуын бақылауды жүзеге асырады;

      58) Департаменттің ішкі электронды поштасының және Департаменттегі Электронды құжат айналамының бірыңғай жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

      59) жедел іздестіру қызметін жүзеге асыру үдерісінде ақпаратты жасырын алуға арналған (әзірленген, бейімделген, бағдарламаланған) арнайы техникалық құралдардың айналымы саласына бақылау жасауды жүзеге асырады;

      60) техникалық, соның ішінде криптографиялық, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау құралдарын сертификаттауды ұйымдастырады;

      61) шекаралық кеңістікте және халықаралық қатынас арналарында саяси, әлеуметтік-экономикалық және қылмыстық ахуалды талдауды және болжамдауды жүзеге асырады;

      62) Қазақстан Республикасының заңдарымен, Президентінің және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының актілерімен оның құзырына жатқызылған өзге де функцияларды орындайды.

      15. Департамент өз құзыреті шегінде:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен және шектерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне түсетін және тұратын, Ұлттық банктың және оның ведомстволарының жұмысшысы лауазымына талапкерлерді Қазақстан Республикасының азаматтарына міндетті арнайы тексеруді жүргізуге;

      2) жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын ұлттық қауіпсіздік органдары мәліметтеріне техникалық енуге болдырмауды жүзеге асыруға;

      3) Департаменттің жұмылдыру дайындығын қамтамасыз етуге;

      4) мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының аумағындағы заңсыз әскериленген жасақтардың іс-әрекетіне, саяси партиялар мен басқа мемлекеттердің кәсіптік одақтарына, діни негіздегі партияларға, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды қаржыландыруына тосқауыл қоюға және жолын кесуге көмек көрсетуге;

      5) қорғаныс-өнеркәсіп кешені, атом энергетикасы, биотехнологиялық кешені, көлік және байланыс объектілерінің, Шымкент қаласының өмір сүруді қамтамасыз ету объектілерінің және басқа да стратегиялық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысуға;

      6) Департаментке жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында ақпараттық-талдау жұмысын жүргізуге;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау мен Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығаруға, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге шығуына, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағына келуiне және оның аумағынан тыс жерлерге кетуiне, сондай-ақ олардың Республика аумағында болу режимiне қатысты мәселелердi шешуге қатысуға;

      8) Шымкент қаласының аумағындағы шет мемлекеттер өкілдіктерінің және халықаралық ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басқа құзыретті органдармен өзара іс-қимылда шаралар қолдануға;

      9) басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп шетелдердің мемлекет, үкімет басшыларының және халықаралық ұйым жетекшілерінің Қазақстан Республикасында болуы кезеңінде, сондай-ақ Шымкент қаласының аумағында өткізілетін маңызды саяси-қоғамдық іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуға;

      10) Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуға;

      11) мемлекеттік және қызметтік құпияны құрайтын ақпараттарға рұқсат алуға ресімделетін (қайта ресімделетін) Қазақстан Республикасының азаматтарына арнайы тексеруді жүргізуге;

      12) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіріп жұмыс істейтін, радио сәулелерін тарататынрадиоэлектрондық құралдарды айқындау;

      13) Қазақстан Республикасының заңдарымен, Президентінің және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының актілерімен оның құзырына жатқызылған өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

      16. Департамент жүктелген міндеттерді шешу және функцияларды орындау үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) заңнамамен ұлттық қауіпсіздік органдарының құзырына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, жолын кесу және ашу мақсатында жалпы және арнайы жедел іздестіру және қарсы барлау іс-шараларын, криминалистикалық, психологиялық-әлеуметтанулық және полиграфологиялық зерттеулер жүргізуге;

      2) мемлекеттік құпияларды қорғау туралы белгіленген қағидаларды немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын радиоэлектронды хабарды тарату құралдарының Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылуының жолын кесуге;

      3) мақсаттары мен iс-әрекеттері мемлекеттiң қауiпсiздiгiн әлсiретуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға, конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған шетел мемлекеттерiнiң арнаулы қызметтерi мен ұйымдарының, қылмыстық топтардың iшiне енудi жүзеге асыруға;

      4) барлау қызметін жүзеге асыруда, оның ішінде радиоэлектронды және арнайы техникалық құралдарды пайдаланып Қазақстан Республикасының сыртқы барлау субъектілерімен өзара іс-қимыл жасауға;

      5) уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп өздерінің іс-әрекеттерімен қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келулерінің жолын жабу және одан шығару туралы мәселелерді шешуге;

      6) заңнамамен ұлттық қауіпсіздік органдарының құзырына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу кезінде қылмыстық-процестік заңнамамен көзделген шектерде басқа органдарға міндетті түрде орындалатын тапсырма беруге;

      7) азаматтарды өндірістегі материалдар бойынша Департаментке шақыруға, олардан түсініктеме, анықтама, құжаттар алуға және көшірмелер түсіруге, шақыру бойынша келуден бас тартқан адамдарды мәжбүрлеп әкелуге;

      8) заңнамаға сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген негізді күдік туғызған кезде азаматтардан олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге, қылмыстық құқық бұзушылық жасауға күдік туғызған адамдарды ұстауға, құжаттарды тексеруді, ұсталғандарды және олардың көлік құралдарын жеке тексеріп қарауды, сондай-ақ олардың заттары мен құжаттарын алуды жүзеге асыруға;

      9) терроризмге қарсы операцияларға қатысуда және терроризмге қарсы операциялардың құқықтық режимін қамтамасыз етуде "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шаралар мен уақытша шектеулерді қолдануға;

      10) қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік туғызған адамдардың ізін кесу мен ұстау, ұсталғандарды ұстау орындарына жеткізу, сондай-ақ оқиға болған жерге бару және шұғыл медициналық көмекті қажет ететін азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін басқа мекемлердің байланыс құралдарын, көлік құралдарын пайдалануға құқылы. Олардың иелерінің талаптары бойынша байланыс құралдары мен көлік құралдарына келтірілген нақты залалды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтейді;

      11) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтарын ерікті түрде штаттан тыс жедел қызметкерлер ретінде тартуға;

      12) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қауіп-қатерді іске асыруға себепші болатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының құзырына берілген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы міндетті ұсыныстарды мемлекеттік органдар мен ұйымдарға енгізуге;

      13) арнайы күзетілетін ерекше режимдегі аумақтарға және өзге де объектілерге ену немесе енуге әрекет етумен байланысты құқық бұзушылық жасаған адамдарды әкімшілік қамауға алуды жүзеге асыруға құқылы. Олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге, олардан түсініктемелер алуға, оларды жеке тексеруді және тексеруді, олардың заттары мен құжаттарын алып қоюды жүзеге асыруға;

      14) шарттық негізде Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер, әскери құралымдар мен өзге де ұйымдардың қызметтік үй-жайларын, көлік және өзге де техникалық құралдарын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың тұрғын және өзге де үй-жайларын, көлік құралдары мен өзге мүліктерін пайдалануға;

      15) заңнамада белгіленген тәртіпте әскери-медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мен әскери-дәрігерлік сараптама жүргізуге арналған медициналық бөлімшелерді иеленуге;

      16) ол орналасқан жерден тыс жерде Департамент функцияларының бөлігін орындайтын және әділет органдарында тіркелуге жатпайтын оқшауланған құрылымдық бөлімшелер иеленуге;

      17) Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының аумақтық органдарымен бірлескен актілерді шығаруға;

      18) Департаментке жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпаратты мемлекеттiк органдардан, Қарулы Күштерден, басқа да әскерлерден, әскери құралымдар мен ұйымдардан өтеусiз және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып алуға;

      19) Департамент қызметкерлері мен жұмыскерлерін іссапарға жіберуге;

      20) Департамент қызметіне қатысты архивтік жедел, тергеу және басқа да материалдарды сақтау мен пайдалануды жүзеге асыруға;

      21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент объектілері мен үй-жайларына қызмет көрсететін азаматтар мен заңды тұлғаларға оларды тексеру және зерделеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін рұқсат беруді жүзеге асыруға;

      22) жеке тұлғалар Департамент объектілеріне және үй-жайларына кірген (көлікпен кірген) және шыққан (көлікпен шыққан) кезде олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге, олардың өзімен алып жүретін заттарын тексеруге (күзетілетін адамдардан басқа);

      23) құпиялылық режимін, мемлекеттік құпиялардың сақталуын қамтамасыз ету, Департамент бөлімшелерінің іс жүргізуін ұйымдастыру мен жүргізу бойынша жұмыс жағдайын, іс жүргізуді тексеруді бақылауды, ұйымдастыруды жүзеге асыруға;

      24) Департамент қызметкерлерінің жеке басын, олардың бөлімшелерінің, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілігін немесе ұлттық қауіпсіздік органдарына құпиялылық негізде жәрдем көрсететін азаматтардың жеке басын құпияландыру мақсатында басқа мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құжаттарын пайдалануға;

      25) жедел-техникалық іс-шараларды жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға және тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеулер жүргізуге, олар бойынша тиісті қорытындылар беруге;

      26) арнайы техникалық құралдарды және ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әкелуге немесе әкетуге қорытындылар (рұқсат беретін құжаттар) беру, криптографиялық функциялары бар тауарлардың сипаттамалары туралы нотификацияларды тіркеу, олар бойынша тиісті рұқсаттарды беру және нотификациялар тіркеу туралы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға;

      27) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарының және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдардың импортына және экспортына лицензияларды келісуді жүзеге асыруға;

      28) ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің арнайы және дене дайындығын ұйымдастыру, сондай-ақ әр түрлі деңгейдегі спорттық іс-шараларды өткізу үшін спорт ғимараттарын жалға алуға, иеленуге;

      29) белгіленген тәртіпте қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді, арнайы қорғау мен қорғаныс құралдарын жабдықталған орында сақтауға;

      30) Қазақстан Республикасының заңдарымен, Президентінің және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының актілерімен оның құзырына жатқызылған өзге де функциялар мен құқықтарды жүзеге асыруға және іске асыруға құқылы.

3-тарау. Департамент қызметін ұйымдастыру

      17. Департаменттің жетекшілігін Департамент бастығы жүзеге асырады, ол Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуын және өз функциясын жүзеге асыру үшін дербес жауапты.

      18. Департамент бастығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      19. Департамент бастығының орынбасарлары болады, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      20. Департамент бастығының құзыреттері:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығына Департаменттің құрылымы мен штаты бойынша ұсыныстар береді;

      2) Департамент құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелер басшыларының өкілеттіктерін айқындайды;

      3) өз құзыреті шегінде Департаменттің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;

      4) Департаменттің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      6) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық және құқықтық актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Департаменттің бастығы болмаған жағдайда, оның өкілеттігін бірінші орынбасары жүзеге асырады, ал ол болмаған жағдайда басқа бір орынбасарларымен жүзеге асырылады.

      21. Департамент бастығы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Департамент мүлкі

      22. Департамент заңнамамен қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлікке ие болуға құқылы.

      Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзінің қызметі мен өзге де көздер (ақшалай табыстарын қоса алғанда) нәтижесінде сатып алынған мүліктер есебінен қалыптастырылады.

      23. Департаментке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      24. Департамент егер заңнамада өзгелеше белгіленбесе өзіне бекітілген мүлікті және қаржы жоспары бойынша берілген қаражатқа сатып алынған мүлікті дербес иеліктен айыруға немесе өзге де тәсілдермен иелік етуге құқылы емес.

5-тарау. Департаментті қайта құру және тарату

      25. Департаментті қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2018 жылғы 7 тамыздағы
№ 64 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы болып табылады.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бұйрықтарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, оның мемлекеттік тілде атымен мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес казначейлік органдарында есепшоттары, нақты және шартты атаулары, мәдени-тұрмыстық және медициналық мақсаттағы объектілері бар.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.

      5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапына қатысуға құқығы бар.

      6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы мен штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітеді.

      Департамент оның құрылымын құрайтын басқармалардан, бөлімдерден, бөлімшелерден тұрады. Оның құрамына мынадай оқшауланған құрылымдық бөлімшелер кіреді:

      1) Арыс қаласы және теміржол стансасы бойынша бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Арыс қаласы, Ақдала, Байырқұм, Дермене, Жиделі, Монтайтас, Қожатоғай ауылдық округтері; Бәйдібек, Ордабасы және Отырар аудандары;

      2) Кентау қалалық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Кентау қаласы, Ашысай, Хантағы, Байылдыр, Қарнақ, Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үш-Қайық, Яссы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабай-Қорған, Шорнақ, Жібек Жолы, Майдантал ауылдық округтері;

      3) Жетісай аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Жетісай ауданы;

      4) Мақтаарал аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Мақтаарал ауданы;

      5) Сайрам аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Сайрам ауданы;

      6) Сарыағаш аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Сарыағаш ауданы;

      7) Келес аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Келес ауданы;

      8) Созақ аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Созақ ауданы.

      9) Қазығұрт аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Қазығұрт ауданы;

      10) Төлеби аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Төлеби ауданы;

      11) Түлкібас аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Түлкібас ауданы;

      12) Шардара аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Шардара ауданы.

      8. Департаменттің заңды мекенжайы: 160000, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Ерубаев көшесі, 245.

      9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Департамент қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Департаменттің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Департаментке заң актілері бойынша табыс алып келетін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген болса, онда ол қызметтен келіп түскен табыс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Департаменттің негізгі мақсаттары, функциялары, міндеттері мен құқықтары

      13. Департаменттің Түркістан облысы шегіндегі негізгі мақсаттары:

      1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

      2) "Сыртқы барлау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау ақпаратын табу;

      3) қарсы барлау қызметін жүзеге асыру;

      4) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, экономикалық әлеуетін және қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталған террористік және өзге де іс-әрекеттерді анықтау, алдын алу және жолын кесу;

      5) Түркістан облысы аумағында терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіруге қатысу;

      6) заңнамамен ұлттық қауіпсіздік органдарының құзырына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу;

      7) қарсы барлау, жедел іздестіру қызметі субъектілерінің тапсырмалары бойынша қарсы барлау, жедел іздестіру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін ұйымдастыру және өткізу;

      8) қарсы барлау, жедел іздестіру қызметі субъектілерінің тапсырмалары бойынша қарсы барлау, жедел іздестіру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін өткізуді қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;

      9) Департаменттің ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық (кибер) қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      10) мемлекеттік құпияларды қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

      11) мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысу;

      12) техникалық барлауға қарсы іс-қимыл бойынша қызметті жүзеге асырады;

      13) Қазақстан Республикасының заңдарымен, Президентінің және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының актілерімен анықталатын өзге де мақсаттар болып табылады.

      14. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде Түркістан облысы аумағында мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

      2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік (салалық) бағдарламаларды іске асыруға қатысады;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшыларының келісімімен және өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес халықаралық, мемлекетаралық және өзге де ұйымдардың жұмысына қатысады, ұлттық қауіпсіздік органдарының құзыретіне жататын қызмет саласында шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен, құқық қорғау органдарымен және шет мемлекеттердің үкіметтік және арнайы байланыс органдарымен, халықаралық қауіпсіздік құрылымдарымен және құқық қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимылды және халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етеді;

      4) мемлекеттік органдарды ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы шешімдерді қабылдау үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді;

      5) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының шекаралық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған барлау, қарсы барлау және жедел іздестіру қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      6) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталған терроризмге, экстремизмге және өзге де іс-әрекеттерге қарсы күрес бойынша шараларды әзірлейді және іске асырады, терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Түркістан облысы аумағында терроризмге қарсы операцияларды өткізуді ұйымдастырады;

      7) террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғау деңгейін арттыруға террористік қауіп-қатердің сипаты мен өзіндік ерекшелігі туралы олардың басшыларына ақпарат беру, терроризмге қарсы іс-қимыл және терроризмге қарсы қорғау бойынша ұсынымдар әзірлеу, террористік тұрғыдан осал объектілерде терроризмге қарсы практикалық оқу-жаттығулар өткізу арқылы ықпал етеді;

      8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қауіпсіздік және террористік қауіп-қатерлерді бейтараптандыруға дайындық жүйесін жетілдіру бойынша шаралар кешенін іске асыруына бақылау жасауды жүзеге асырады;

      9) азаматтарды әскери қызметке шақыру мерзімінде шақыру комиссиясының жұмысына қатысады;

      10) Қазақстан Республикасы жергілікті әскери басқару органдары ұсынған жиынтық деректердің негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қажеттілігі үшін шақырылушы контингентке мониторинг пен іріктеуді жүзеге асырады;

      11) шектес мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын жаппай өту, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту әрекеттері, терроризм актілері, Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып, билікті күшпен басып алу немесе билікті күштеп ұстау әрекеттері, диверсия, қарулы көтеріліс салдарынан туындаған әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды анықтайды, ескертеді және жолын кеседі, сондай-ақ "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де іс-қимылдарды жүзеге асырады;

      12) заңнамамен белгіленген тәртіпте жедел іздестіру және қарсы барлау (оның ішінде радиоқарсыбарлау) қызметін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастырады және тікелей жүзеге асырады;

      13) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарына, Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына қоғамдық қауiпсiздiктi, заңдылықты, құқықтық тәртiптi, елдiң қорғаныс қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етуге, өзге де алға қойылған мiндеттердi шешуге көмек көрсетедi;

      14) уәкiлеттi органдармен бірлесіп қарсыластың барлау-бүлдiру акциясын жүргiзуi үшiн жағдай жасайтын сыртқы және iшкi факторларды жою және бейтараптандыру бойынша, оның iшiнде трансұлттық қылмыстық қоғамдастыққа, заңсыз көшi-қонға, қару-жарақтардың, оқ-дәрiлердiң, жарылғыш және уландырғыш заттардың, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдар мен электрондық құрылғылардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл бойынша шаралар әзiрлеуге және жүзеге асыруға қатысады;

      15) Қазақстан Республикасының мүддесіне өз құзыреті шегінде барлау қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      16) ұлттық қауiпсiздiк органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен, сондай-ақ өзге де ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;

      17) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардағы мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қарсы барлаулық қорғау бойынша шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады, сондай-ақ олардың аталған саладағы қызметiн бақылайды;

      18) Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерге рұқсатты ресiмдеуге (қайта ресiмдеуге), сондай-ақ ұйымдарға мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi пайдалануға байланысты қызметке рұқсат беруге арнайы тексеру жүргiзумен, мемлекеттiк құпияларды қорғау құралдарын жасаумен, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды қорғау бойынша iс-шараларды жүргiзумен және (немесе) қызмет көрсетулермен байланысты шараларды iске асырады;

      19) Түркістан облысы аумағындағы шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң және халықаралық ұйымдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша басқа құзыреттi органдармен өзара iс-қимылда шаралар қолданады;

      20) мемлекеттік қызметке кіретін (онда жұмыс істейтін) Қазақстан Республикасының азаматтарына заңнамада белгіленген тәртіпте және шектерінде міндетті арнайы тексеруді ұйымдастырады;

      21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шектерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында жұмысқа тартылатын шетелдіктерге міндетті арнайы тексеруді жүргізеді;

      22) техникалық барлауға қарсы іс-қимыл бойынша қызметті жүзеге асырады;

      23) ұлттық қауіпсіздік органдары өткізетін қарсы барлау, жедел іздестіру іс-шаралары мен тергеу әрекеттерін техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      24) киберкеңістікте мемлекет ақпаратын, коммуникацияларын және стратегиялық инфрақұрылым объектілерін киберқорғау бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;

      25) қарсы барлау, жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын барлық органдардың міндеттерін шешу мүддесінде байланыс желілерін пайдаланумен байланысты қарсы барлау, арнайы жедел іздестіру іс-шараларын техникалық тұрғыда жүзеге асырады;

      26) радиоэлектрондық және радиотехникалық барлауды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады;

      27) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда құпиялылық режимін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді және бақылайды;

      28) мемлекеттік құпияларды қорғау саласында әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыстық теріс әрекеттер бойынша сотқа дейінгі өндірісті ұйымдастырады және тікелей жүзеге асырады;

      29) мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша нормативтік және әдістемелік актілерді әзірлеу мен орындау мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғау органдарының қызметін үйлестіреді және бақылайды;

      30) мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша Түркістан облысының аумағында құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесінің орындалуын бақылайды;

      31) байланыс желілері мен құралдарын жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне залал келтіретін қылмыстық мақсаттарда пайдалануды анықтауды және жолын кесуді қамтамасыз етеді;

      32) Департамент қызметкерлері мен жұмыскерлерін, сондай-ақ құпия көмекшілерді қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      33) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қорғалуға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

      34) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін, мекемелердің ведомстоволық қатыстылығын, үй-жайлар мен көлік құралдарын шифрлау бойынша шараларды жүзеге асырады;

      35) Департаменттің қызметкерлері мен жұмыскерлерін жауынгерлік, техникалық, материалдық, қаржылық, ғылыми, ақпараттық, құқықтық, әлеуметтік-тұрмыстық, әскери-медициналық (медициналық) және басқа да түрлерімен қамтамасыз етуді, оның ішінде ғимараттар мен құрылыстарды күрделі салуды және қайта жаңғыртуды, жөндеуді ұйымдастырады;

      36) ұлттық қауіпсіздік органдары құзыретінің шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;

      37) Департаментте архивтік істі ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және сол мақсатта ақпараттық жүйелерді қолданады;

      38) жедел-қызметтік іс-қимылды қамтамасыз ету шеңберінде психологиялық-әлеуметтанулық және психофизиологиялық зерттеулерді жүргізеді;

      39) полиграфологиялық зерттеулер өткізеді және нәтижелерін Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарындағы ақпараттық жүйелерде есепке алуды жүзеге асырады;

      40) әскери-дәрігерлік сараптама, оның ішінде ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етуге денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығын, азаматтардың ауыруларының, мертігулерінің (жараланулардың, жарақаттанулардың, контузия алудың) немесе қайтыс болуының ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет өткеруіне (міндеттерін орындау) байланыстылығын анықтау үшін психофизиологиялық куәландыру, сондай-ақ есірткіге қатысты тест жүргізеді;

      41) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайды және әкімшілік жаза қолданады;

      42) ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қозғайтын оқиғалар мен фактілер туралы ақпаратты уақтылы алу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың кезекші қызметтерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      43) ғимараттарды, объектілерді күзетуді, сондай-ақ өткізу және ішкі объектілік режимді қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      44) Департаментте құқықтық тәртiптi қамтамасыз етедi;

      45) Департаментте мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану аясын кеңейту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді;

      46) мемлекеттік органдарда және ұйымдарда мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысады, мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесін дамытады және жетілдіреді;

      47) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар бойынша ұсыныстарды дайындайды;

      48) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға және ұйымдарға практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;

      49) мемлекеттік органдарға және ұйымдарға Қазақстан Республикасының ұлттық мүлделерін жылжытуға көмек көрсетеді;

      50) мемлекеттік органдарды және стратегиялық объектілерді қарсы барлаумен қамтамасыз етуді жүзеге асырады, мемлекеттік органдарға экономикалық қауіпсіздікке қауіп-қатерлерді бейтараптандыруға көмек көрсетеді;

      51) өз құзыреті шегінде аумақтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлауға және жүзеге асыруға қатысады;

      52) Түркістан облысы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының өте маңызды объектілерін қарсы барлаумен қорғауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      53) Түркістан облысы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы өте маңызды объектілерінің қорғалу жағдайын тексеру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді;

      54) Қазақстан Республикасының мүлдесіне қарсы киберқылмыстық іс-әрекетке тартылған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мамандарды айқындау, жолын кесу және ыдырату бойынша қарсы барлау, жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      55) Департаменттің ақпараттық жүйелерінің және электрондық ақпараттық ресурстарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру бойынша іс-шараларды жүргізеді;

      56) Департаменттің ақпараттандыру объектілерінің қорғалу деңгейін қорғауды қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне ден қою шараларын қабылдайды;

      57) есептеуіш техника құралдарын пайдалану кезінде ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне ден қоюды және олардың Департаментте регламенттелген түрде қолданылуын бақылауды жүзеге асырады;

      58) Департаменттің ішкі электронды поштасының және Департаменттегі Электронды құжат айналамының бірыңғай жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

      59) жедел іздестіру қызметін жүзеге асыру үдерісінде ақпаратты жасырын алуға арналған (әзірленген, бейімделген, бағдарламаланған) арнайы техникалық құралдардың айналымы саласына бақылау жасауды жүзеге асырады;

      60) техникалық, соның ішінде криптографиялық, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау құралдарын сертификаттауды ұйымдастырады;

      61) шекаралық кеңістікте және халықаралық қатынас арналарында саяси, әлеуметтік-экономикалық және қылмыстық ахуалды талдауды және болжамдауды жүзеге асырады;

      62) Қазақстан Республикасының заңдарымен, Президентінің және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының актілерімен оның құзырына жатқызылған өзге де функцияларды орындайды.

      15. Департамент өз құзыреті шегінде:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен және шектерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне түсетін және тұратын, Ұлттық банктың және оның ведомстволарының жұмысшысы лауазымына талапкерлерді Қазақстан Республикасының азаматтарына міндетті арнайы тексеруді жүргізуге;

      2) жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын ұлттық қауіпсіздік органдары мәліметтеріне техникалық енуге болдырмауды жүзеге асыруға;

      3) Департаменттің жұмылдыру дайындығын қамтамасыз етуге;

      4) мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының аумағындағы заңсыз әскериленген жасақтардың іс-әрекетіне, саяси партиялар мен басқа мемлекеттердің кәсіптік одақтарына, діни негіздегі партияларға, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды қаржыландыруына тосқауыл қоюға және жолын кесуге көмек көрсетуге;

      5) қорғаныс-өнеркәсіп кешені, атом энергетикасы, биотехнологиялық кешені, көлік және байланыс объектілерінің, Түркістан облысының өмір сүруді қамтамасыз ету объектілерінің және басқа да стратегиялық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысуға;

      6) Департаментке жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында ақпараттық-талдау жұмысын жүргізуге;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау мен Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығаруға, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге шығуына, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағына келуiне және оның аумағынан тыс жерлерге кетуiне, сондай-ақ олардың Республика аумағында болу режимiне қатысты мәселелердi шешуге қатысуға;

      8) Түркістан облысының аумағындағы шет мемлекеттер өкілдіктерінің және халықаралық ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басқа құзыретті органдармен өзара іс-қимылда шаралар қолдануға;

      9) басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп шетелдердің мемлекет, үкімет басшыларының және халықаралық ұйым жетекшілерінің Қазақстан Республикасында болуы кезеңінде, сондай-ақ Түркістан облысының аумағында өткізілетін маңызды саяси-қоғамдық іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуға;