БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 15 қазандағы № 67 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9806 болып тіркелген, 2014 жылы 27 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, жер қойнауын мемлекеттік басқару салаларындағы Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) ведомствосы болып табылады.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Міндеттері: мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Функциялары:
1) меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру;
2) Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамалары стандартын іске асыру;
3) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензиялар және жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензиялар шарттарының сақталуын бақылау;
4) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын әзірлеуге қатысу;
5) тарихи шығындар мөлшерін, геологиялық ақпарат алудың құны мен талаптарын айқындау;
6) геологиялық және тау-кен бөлінісін беру;
7) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын енгізу;
8) пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскелерінің шекараларын айқындау, геологиялық ақпаратты пайдалану және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексімен көзделген басқа да мәселелер бойынша құзыретті органмен өзара іс-қимыл жасау және үйлестіру;
9) геологиялық есептің мемлекеттік сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;
10) Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары бойынша мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру;
11) жерасты сулары бөлігінде мемлекеттік су кадастрын жүргізуге қатысу;
12) су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған жеке және өаңды тұлғалар жүргізетін су қорғау іс-шараларын келісу;
13) су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру;
14) жер қойнауын геологиялық зерттеуге және оның кеңістігін пайдалану үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
15) жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қорлары бар аумақтарда облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыз су сапасындағы жер асты суларын пайдалануға рұқсаттарды келісу;
16) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу;
17) жер қойнауын геологиялық зерттеу және оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды реттеу;
18) жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларға, сондай-ақ оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
19) Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасының геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, оның сақталуы мен анықтығы жөніндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
20) уранды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операциялардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
21) құпия болып табылмайтын геологиялық ақпаратқа, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған, өздері берген лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
22) техногендік минералдық түзілімдерді орналастырудың қолданыстағы объектілерін мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу;
23) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін, геологиялық ақпаратты жинауды және жинақтап қорытуды жүзеге асыру;
24) жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың салдарын жою актісіне қол қою жөніндегі комиссияны құру;
25) өздігінен ағып жататын иесіз және авариялық ұңғымаларды жою мен консервациялауды жүзеге асыру;
26) пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну;
27) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансын жүргізу;
28) геологиялық ақпаратты жариялау немесе оған ашық қолжетімділік жасау арқылы ашып көрсету;
29) керндерді Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкетуге рұқсат беру;
30) бiр келiсiмшарттық аумақ шегiнде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргiзу тәртiбiн келiсу;
31) жер қойнауын пайдаланушының геологиялық ақпараттың сынамалар түріндегі табиғи жеткізгіштерін иеліктен шығаруы және (немесе) сынамаларды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкетуге рұқсат беру;
32) жер қойнауын пайдаланушылар беретін нормаланатын ысыраптар туралы деректер негізінде жүзеге асырылатын пайдалы қатты қазбаларды өндіру кезінде ысырапты есепке алу;
33) ұңғымадан көмірсутектердің ағымын құжатпен растау арқылы алу, оның ішінде қабатты сынағышпен сынамалау жүргізген кезде және (немесе) мұнай-газдың мол болуына коллектор-жынысты зертханалық зерттеу кезінде растаған жаңа кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) ашылуын растау;
34) жер қойнауын геологиялық зерттеуге берілген лицензиялар бойынша жерасты суларына арналған іздестіру-бағалау жұмыстары жобаларына өзгерістерді келісу;
35) жерасты сулары учаскелері қорларының мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;
36) барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру;
37) жер қойнауын пайдаланушының балансына ұңғымаларды, технологиялық бірлікті қабылдау және беру;
38) өз құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
39) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) иелік ету және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;
40) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
41) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу;
42) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабының 2-тармағына сәйкес тексерілетін субъектілер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылауды және тексеруді жүзеге асыру;
43) тиісті салада мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
44) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 2 және 3-тармақтарында, 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлеу;
45) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүргізу;
46) мемлекеттік бақылау тиімділігінің мониторингін жүргізу;
47) мемлекеттік бақылау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
48) бекітілген тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, ведомстволық есептіліктің жиынтық деректерін Министрліктің интернет-ресурсында орналастыру;
49) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлеу;
50) өз құзырет шегінде мемлекеттік құпияларын қорғау саласындағы Қазақстан Республкасы заңдарының және өзге нормативтік құқықтық актілердің сақтаулуын қамтамасыз ету;
51) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.";
қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрықпен бекітілген "Өскемен қаласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Шығысқазжерқойнауы" Шығыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Өскемен қаласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Шығысқазжерқойнауы" Шығыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - "Шығысқазжерқойнауы" ӨД) Шығыс Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару салаларындағы қызметтерді жүзеге асыратын "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.;"
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. "Шығысқазжерқойнауы" ӨД толық атауы:
"Өскемен қаласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Шығысқазжерқойнауы" Шығыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі".";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Міндеттері: мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Функциялары:
1) меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру;
2) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензиялар және жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензиялар шарттарының сақталуын бақылау;
3) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын әзірлеуге қатысу;
4) тарихи шығындар мөлшерін, геологиялық ақпарат алудың құны мен талаптарын айқындау;
5) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын енгізу;
6) жерасты сулары бөлігінде мемлекеттік су кадастрын жүргізуге қатысу;
7) су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған жеке және өаңды тұлғалар жүргізетін су қорғау іс-шараларын келісу;
8) геологиялық және тау-кен бөлінісін беру;
9) су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру;
10) жер қойнауы мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу;
11) жер қойнауын геологиялық зерттеу және оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды реттеу;
12) жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларға, сондай-ақ оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
13) Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасының геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, оның сақталуы мен анықтығы жөніндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
14) уранды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операциялардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
15) құпия болып табылмайтын геологиялық ақпаратқа, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған, өздері берген лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
16) техногендік минералдық түзілімдерді орналастырудың қолданыстағы объектілерін мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу;
17) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін, геологиялық ақпаратты жинауды және жинақтап қорытуды жүзеге асыру;
18) өздігінен ағып жататын иесіз және авариялық ұңғымаларды жою мен консервациялауды жүзеге асыру;
19) пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну;
20) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансын жүргізу;
21) геологиялық ақпаратты жариялау немесе оған ашық қолжетімділік жасау арқылы ашып көрсету;
22) жерасты сулары учаскелері қорларының мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;
23) пайдалы қазбалар қорлары бойынша өңіраралық комиссиялардың қызметін ұйымдастыру;
24) жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қорлары бар аумақтарда облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыз су сапасындағы жер асты суларын пайдалануға рұқсаттарды келісу;
25) жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың салдарын жою актісіне қол қою жөніндегі комиссияны құру;
26) барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру;
27) жер қойнауын пайдаланушының балансына ұңғымаларды, технологиялық бірлікті қабылдау және беру;
28) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағы он бірінші бөлігінің 1), 3) және 6) тармақшаларында, 144-бабы 3-тармағының 3), 4), 9) және 10) тармақшаларында, 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргiзу нысанасын көрсете отырып, тексерiлетiн субъектiге жоспардан тыс тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің басталатыны туралы тексерудің олар басталғанға дейiн кемiнде бiр тәулiк бұрын хабарлау;
29) тиісті салада мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
30) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүргізу;
31) мемлекеттік бақылау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
32) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні ресімдеу және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу;
33) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды ұзарту туралы қосымша актіні ресімдеу және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу;
34) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы Қазақстан Республкасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;
35) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.";
осы бұйрықпен бекітілген "Ақтөбе қаласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Батысқазжерқойнауы" Батыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Ақтөбе қаласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Батысқазжерқойнауы" Батыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - "Батысқазжерқойнауы" ӨД) Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының аумақтарында мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару салаларында қызметтерді жүзеге асыратын "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.";"
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. "Батысқазжерқойнауы" ӨД толық атауы:
"Ақтөбе қаласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Батысқазжерқойнауы" Батыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі".";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Міндеттері: мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Функциялары:
1) меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру;
2) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензиялар және жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензиялар шарттарының сақталуын бақылау;
3) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын әзірлеуге қатысу;
4) тарихи шығындар мөлшерін, геологиялық ақпарат алудың құны мен талаптарын айқындау;
5) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын енгізу;
6) жерасты сулары бөлігінде мемлекеттік су кадастрын жүргізуге қатысу;
7) су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған жеке және өаңды тұлғалар жүргізетін су қорғау іс-шараларын келісу;
8) геологиялық және тау-кен бөлінісін беру;
9) су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру;
10) жер қойнауы мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу;
11) жер қойнауын геологиялық зерттеу және оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды реттеу;
12) жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларға, сондай-ақ оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
13) Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасының геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, оның сақталуы мен анықтығы жөніндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
14) уранды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операциялардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
15) құпия болып табылмайтын геологиялық ақпаратқа, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған, өздері берген лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
16) техногендік минералдық түзілімдерді орналастырудың қолданыстағы объектілерін мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу;
17) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін, геологиялық ақпаратты жинауды және жинақтап қорытуды жүзеге асыру;
18) өздігінен ағып жататын иесіз және авариялық ұңғымаларды жою мен консервациялауды жүзеге асыру;
19) пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну;
20) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансын жүргізу;
21) геологиялық ақпаратты жариялау немесе оған ашық қолжетімділік жасау арқылы ашып көрсету;
22) жерасты сулары учаскелері қорларының мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;
23) пайдалы қазбалар қорлары бойынша өңіраралық комиссиялардың қызметін ұйымдастыру;
24) жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қорлары бар аумақтарда облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыз су сапасындағы жер асты суларын пайдалануға рұқсаттарды келісу;
25) жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың салдарын жою актісіне қол қою жөніндегі комиссияны құру;
26) барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру;
27) жер қойнауын пайдаланушының балансына ұңғымаларды, технологиялық бірлікті қабылдау және беру;
28) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағы он бірінші бөлігінің 1), 3) және 6) тармақшаларында, 144-бабы 3-тармағының 3), 4), 9) және 10) тармақшаларында, 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргiзу нысанасын көрсете отырып, тексерiлетiн субъектiге жоспардан тыс тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің басталатыны туралы тексерудің олар басталғанға дейiн кемiнде бiр тәулiк бұрын хабарлау;
29) тиісті салада мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
30) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүргізу;
31) мемлекеттік бақылау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
32) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні ресімдеу және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу;
33) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды ұзарту туралы қосымша актіні ресімдеу және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу;
34) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы Қазақстан Республкасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;
35) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.";
осы бұйрықпен бекітілген "Көкшетау қаласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Солтүстікқазжерқойнауы" Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Көкшетау қаласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Солтүстікқазжерқойнауы" Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД) Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумақтарында мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару салаларында қызметтерді жүзеге асыратын "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.";"
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД толық атауы:
"Көкшетау қаласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Солтүстікқазжерқойнауы" Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі".";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Міндеттері: мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Функциялары:
1) меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру;
2) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензиялар және жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензиялар шарттарының сақталуын бақылау;
3) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын әзірлеуге қатысу;
4) тарихи шығындар мөлшерін, геологиялық ақпарат алудың құны мен талаптарын айқындау;
5) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын енгізу;
6) жерасты сулары бөлігінде мемлекеттік су кадастрын жүргізуге қатысу;
7) су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған жеке және өаңды тұлғалар жүргізетін су қорғау іс-шараларын келісу;
8) геологиялық және тау-кен бөлінісін беру;
9) су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру;
10) жер қойнауы мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу;
11) жер қойнауын геологиялық зерттеу және оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды реттеу;
12) жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларға, сондай-ақ оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
13) Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасының геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, оның сақталуы мен анықтығы жөніндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
14) уранды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операциялардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
15) құпия болып табылмайтын геологиялық ақпаратқа, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған, өздері берген лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
16) техногендік минералдық түзілімдерді орналастырудың қолданыстағы объектілерін мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу;
17) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін, геологиялық ақпаратты жинауды және жинақтап қорытуды жүзеге асыру;
18) өздігінен ағып жататын иесіз және авариялық ұңғымаларды жою мен консервациялауды жүзеге асыру;
19) пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну;
20) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансын жүргізу;
21) геологиялық ақпаратты жариялау немесе оған ашық қолжетімділік жасау арқылы ашып көрсету;
22) жерасты сулары учаскелері қорларының мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;
23) пайдалы қазбалар қорлары бойынша өңіраралық комиссиялардың қызметін ұйымдастыру;
24) жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қорлары бар аумақтарда облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыз су сапасындағы жер асты суларын пайдалануға рұқсаттарды келісу;
25) жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың салдарын жою актісіне қол қою жөніндегі комиссияны құру;
26) барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру;
27) жер қойнауын пайдаланушының балансына ұңғымаларды, технологиялық бірлікті қабылдау және беру;
28) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағы он бірінші бөлігінің 1), 3) және 6) тармақшаларында, 144-бабы 3-тармағының 3), 4), 9) және 10) тармақшаларында, 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргiзу нысанасын көрсете отырып, тексерiлетiн субъектiге жоспардан тыс тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің басталатыны туралы тексерудің олар басталғанға дейiн кемiнде бiр тәулiк бұрын хабарлау;
29) тиісті салада мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
30) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүргізу;
31) мемлекеттік бақылау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
32) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні ресімдеу және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу;
33) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды ұзарту туралы қосымша актіні ресімдеу және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу;
34) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы Қазақстан Республкасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;
35) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.";
осы бұйрықпен бекітілген "Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Орталыққазжерқойнауы" Орталық Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Орталыққазжерқойнауы" Орталық Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - "Орталыққазжерқойнауы" ӨД) Павлодар және Қарағанды облыстарының аумақтарында мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару салаларында қызметтерді жүзеге асыратын "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.";"
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. "Орталыққазжерқойнауы" ӨД толық атауы:
"Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Орталыққазжерқойнауы" Орталық Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі".";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Міндеттері: мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Функциялары:
1) меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру;
2) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензиялар және жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензиялар шарттарының сақталуын бақылау;
3) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын әзірлеуге қатысу;
4) тарихи шығындар мөлшерін, геологиялық ақпарат алудың құны мен талаптарын айқындау;
5) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын енгізу;
6) жерасты сулары бөлігінде мемлекеттік су кадастрын жүргізуге қатысу;
7) су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған жеке және өаңды тұлғалар жүргізетін су қорғау іс-шараларын келісу;
8) геологиялық және тау-кен бөлінісін беру;
9) су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру;
10) жер қойнауы мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу;
11) жер қойнауын геологиялық зерттеу және оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды реттеу;
12) жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларға, сондай-ақ оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
13) Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасының геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, оның сақталуы мен анықтығы жөніндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
14) уранды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операциялардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
15) құпия болып табылмайтын геологиялық ақпаратқа, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған, өздері берген лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
16) техногендік минералдық түзілімдерді орналастырудың қолданыстағы объектілерін мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу;
17) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін, геологиялық ақпаратты жинауды және жинақтап қорытуды жүзеге асыру;
18) өздігінен ағып жататын иесіз және авариялық ұңғымаларды жою мен консервациялауды жүзеге асыру;
19) пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну;
20) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансын жүргізу;
21) геологиялық ақпаратты жариялау немесе оған ашық қолжетімділік жасау арқылы ашып көрсету;
22) жерасты сулары учаскелері қорларының мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;
23) пайдалы қазбалар қорлары бойынша өңіраралық комиссиялардың қызметін ұйымдастыру;
24) жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қорлары бар аумақтарда облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыз су сапасындағы жер асты суларын пайдалануға рұқсаттарды келісу;
25) жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың салдарын жою актісіне қол қою жөніндегі комиссияны құру;
26) барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру;
27) жер қойнауын пайдаланушының балансына ұңғымаларды, технологиялық бірлікті қабылдау және беру;
28) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағы он бірінші бөлігінің 1), 3) және 6) тармақшаларында, 144-бабы 3-тармағының 3), 4), 9) және 10) тармақшаларында, 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргiзу нысанасын көрсете отырып, тексерiлетiн субъектiге жоспардан тыс тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің басталатыны туралы тексерудің олар басталғанға дейiн кемiнде бiр тәулiк бұрын хабарлау;
29) тиісті салада мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
30) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүргізу;
31) мемлекеттік бақылау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
32) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні ресімдеу және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу;
33) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды ұзарту туралы қосымша актіні ресімдеу және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу;
34) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы Қазақстан Республкасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;
35) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.";
осы бұйрықпен бекітілген "Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Оңтүстікқазжерқойнауы" Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Оңтүстікқазжерқойнауы" Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД) Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарының аумақтарында мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару салаларында қызметтерді жүзеге асыратын "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.";"
2-тармақтың 3) тармқшасы мынадай редакцияда жазылсын:
" 3) Түркістан өңірлік инспекциясы";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД толық атауы:
"Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Оңтүстікқазжерқойнауы" Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі".";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Міндеттері: мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Функциялары:
1) меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру;
2) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензиялар және жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензиялар шарттарының сақталуын бақылау;
3) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын әзірлеуге қатысу;
4) тарихи шығындар мөлшерін, геологиялық ақпарат алудың құны мен талаптарын айқындау;
5) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын енгізу;
6) жерасты сулары бөлігінде мемлекеттік су кадастрын жүргізуге қатысу;
7) су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған жеке және өаңды тұлғалар жүргізетін су қорғау іс-шараларын келісу;
8) геологиялық және тау-кен бөлінісін беру;
9) су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру;
10) жер қойнауы мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу;
11) жер қойнауын геологиялық зерттеу және оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды реттеу;
12) жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларға, сондай-ақ оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
13) Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасының геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, оның сақталуы мен анықтығы жөніндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
14) уранды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операциялардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
15) құпия болып табылмайтын геологиялық ақпаратқа, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған, өздері берген лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
16) техногендік минералдық түзілімдерді орналастырудың қолданыстағы объектілерін мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу;
17) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін, геологиялық ақпаратты жинауды және жинақтап қорытуды жүзеге асыру;
18) өздігінен ағып жататын иесіз және авариялық ұңғымаларды жою мен консервациялауды жүзеге асыру;
19) пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну;
20) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансын жүргізу;
21) геологиялық ақпаратты жариялау немесе оған ашық қолжетімділік жасау арқылы ашып көрсету;
22) жерасты сулары учаскелері қорларының мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;
23) пайдалы қазбалар қорлары бойынша өңіраралық комиссиялардың қызметін ұйымдастыру;
24) жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қорлары бар аумақтарда облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыз су сапасындағы жер асты суларын пайдалануға рұқсаттарды келісу;
25) жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың салдарын жою актісіне қол қою жөніндегі комиссияны құру;
26) барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру;
27) жер қойнауын пайдаланушының балансына ұңғымаларды, технологиялық бірлікті қабылдау және беру;
28) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағы он бірінші бөлігінің 1), 3) және 6) тармақшаларында, 144-бабы 3-тармағының 3), 4), 9) және 10) тармақшаларында, 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргiзу нысанасын көрсете отырып, тексерiлетiн субъектiге жоспардан тыс тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің басталатыны туралы тексерудің олар басталғанға дейiн кемiнде бiр тәулiк бұрын хабарлау;
29) тиісті салада мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
30) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүргізу;
31) мемлекеттік бақылау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
32) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні ресімдеу және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу;
33) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды ұзарту туралы қосымша актіні ресімдеу және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу;
34) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы Қазақстан Республкасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;
35) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.".
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті:
1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
Комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Қазақстан Республикасы геология және минералдық ресурстар ақпараттық-талдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Қазгеоақпарат" республикалық геологиялық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
Комитетінің қарамағындағы аумақтық бөлімшелерінің тізбесі
1) "Өскемен қаласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Шығысқазжерқойнауы" Шығыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) "Ақтөбе қаласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Батысқазжерқойнауы" Батыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
3) "Көкшетау қаласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Солтүстікқазжерқойнауы" Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
4) "Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Орталыққазжерқойнауы" Орталық Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
5) "Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Оңтүстікқазжерқойнауы" Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.