"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 276 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 40 бұйрығы.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 276 бұйрығына ("Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 21 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті туралы ережеде:

      14-тармақта:

      Комитеттің функцияларында:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) тапсырыс берушіге, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық ерекшелігін алған тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулер жіберу;";

      18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Комитеттің төрағасы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

      1) өз орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттерін және өкілеттіктерін анықтайды;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жауапкершілік шараларын қабылдайды;

      4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      5) Комитеттің заң бөлімшесіне жетекшілік етеді;

      6) Комитеттің штат саны лимитінің шегінде штаттық кестені бекітеді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру, көтермелеу, үстемеақы және сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;

      8) Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;

      9) Комитетті барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда білдіреді;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапты болады;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      19. Комитеттің Төрағасы болмаған уақытта оның міндеттерін Қазақстан Республикасының Қаржы министрі айқындайтын орынбасарларының бірі атқарады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті (Ж.Б. Сапарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов