Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің м.а. 22.08.2019 № 911 бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 436 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12021 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 қыркүйекте жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 63-1) тармақшамен толықтырылсын:
"63-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркеу;".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (А.М. Байгужина) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, Астана қаласының Әділет департаментіне хабарлануын;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |