Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 988 "Орал қаласы бойынша 2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 1242 қаулысы

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкестендіруге байланысты, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 988 "Орал қаласы бойынша 2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3879 тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірдегі "Жайық үні - Жизнь города" газетінде және 2015 жылғы 16 сәуірдегі "Пульс города" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Қ.Сатыбалдиевке жүктелсін.
      Қала әкімі Н.Төреғалиев