"Жоғары лауазымдық жалақылары белгіленген ауылдық жерлердегі жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" 2008 жылғы 16 маусымдағы № 170 қаулыға толықтыру енгізу туралы" 2008 жылғы 25 қарашадағы № 300 қаулының күші жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 211 қаулысы

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шемонаиха ауданы әкімдігінің "Жоғары лауазымдық жалақылары белгіленген ауылдық жерлердегі жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" 2008 жылғы 16 маусымдағы № 170 қаулыға толықтыру енгізу туралы" 2008 жылғы 25 қарашадағы № 300 қаулысының (2008 жылғы 25 желтоқсанда "Уба-Информ" газетінің № 51 санында жарияланған, Құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 5-19-85 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      Шемонаиха ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы Д. Горьковой