Күршім ауданы әкімдігінің қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі N 134 қаулысы

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күршім ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 203 "Күршім ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 шілдедегі № 4039 болып тіркелген, 2015 жылы 31 шілдеде аудандық "Рауан" - "Заря" газеттерінің № 61 санында жарияланған) қаулысына өзгеріс енгізу туралы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 203 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Әзімбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Күршім
      ауданының әкімі С.Чукаев