Зырян ауданының мәслихатының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 51/3-V "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік кепілдіктер және әлеуметтік қолдау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихатының 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 8/9-VI шешімі

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Зырян ауданының мәслихатының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 51/3-V "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік кепілдіктер және әлеуметтік қолдау туралы" шешімін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, Зырян ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Зырян ауданының мәслихатының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 51/3-V "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік кепілдіктер және әлеуметтік қолдау туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4239 тіркелген, 2015 жылғы 17 желтоқсандағы "Көктас таңы", "Пульс! Зыряновска" № 51 газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы Р. Карагужина
      Зырян ауданының
      мәслихат хатшысы Л. Гречушникова