Зайсан ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 07 шілдедегі "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 388 қаулысының күшін жою туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 119 қаулысы

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Рсепубликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Зайсан ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 07 шілдедегі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 388 (нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4057 нөмірімен 2015 жылғы 27 шілдеде тіркелген, аудандық "Достық" газетінің 2015 жылғы 19 қыркүйектегі № 76 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енеді.
      Аудан әкімі Т. Қасымжанов