"Бородулиха ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 149 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 45 қаулысы

Қолданыстағы
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабы 8-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Бородулиха ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 149 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 22 шілдеде № 3999 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С.Н.Лазуринге жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Г.Акулов