Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1, 43-1-баптарына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі № 3652 "Соғысқа қатысушылар мен мүгедектер қатарынан Кеңес Одағының Батыры, "Халық қаһарманы", Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған, Даңқ орденінің үш бірдей дәрежесімен және "Отан" орденімен марапатталған тұлғаларды әскери құрметпен жерлеуге және қабірлеріне құлпытастар орнатуға жұмсалған шығындардың орнын толтыру туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-1-121 тіркелген, 2009 жылғы 21 қазанда "Дидар", 2009 жылғы 22 қазанда "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңгерлік бөлімі апталық мерзімде әділет органына осы қаулының көшірмесін қоса берумен әкімдік қаулысының күші жойылды деп тану туралы хабарласын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жалпы бөлімі, "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі апталық мерзімде ресми жариялау көздеріне осы қаулының көшірмесін қоса берумен әкімдік қаулысының күші жойылды деп тану туралы хабарласын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Е.А. Шурмановқа жүктелсін.
Өскемен қаласының әкімі | Т. Қасымжанов |