Өскемен қаласы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі N 4 қаулысы

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27, 50-баптарына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өскемен қаласы әкімдігінің:
      1) 2015 жылғы 09 қарашадағы № 13613 "2016 жылға Өскемен қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тілізімінде № 4247 тіркелген, 2015 жылғы 23 желтоқсандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 26 желтоқсанда "Дидар", 2015 жылғы 25 желтоқсанда "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған);
      2) 2015 жылғы 08 желтоқсандағы № 14018 "2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4269 тіркелен, 2016 жылғы 13 қаңтардағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйсінде, 2016 жылғы 08 қаңтарда "Дидар", 2016 жылғы 09 қаңтарда "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңгерлік бөлімі апта мерзімінде әділет органына осы қаулының көшірмесін қоса ұсынумен, әкімдіктің қаулысының күші жойылды деп танылғандығы туралы хабарласын.
      3. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жалпы бөлімі, "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі апта мерзімінде ресми жариялау көздеріне қаулының көшірмесін қоса ұсынумен, әкімдік қаулысының күші жойылды деп танылғандығы туралы хабарласын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Е.А. Шурмановқа жүктелсін.
      Өскемен қаласының
      әкімі Е. Аймұқашев