Төлеби ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Оңтүстiк Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 18 мамырдағы № 166 қаулысы

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Төлеби ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С.Бекмұрзаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ә.Тұрғымбеков

  Төлеби ауданы әкімдігінің
"18" мамыр 2016 жылғы
№ 166 қаулысына қосымша

Төлеби ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының тізбесі

      1. Төлеби ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 775 "Төлеби ауданының ленгер қаласы, ауылдық округтері әкімдері аппараттары мемлекеттік мекемелерін қайта атау және олардың ережелерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2980 болып тіркелген "Ленгер жаршысы" газетінің 2015 жылғы 25 ақпанындағы № 8 (496) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
      2. Төлеби ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 776 "Төлеби аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3012 болып тіркелген "Ленгер жаршысы" газетінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 9 (497) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
      3. Төлеби ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 78 "Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3039 болып тіркелген "Ленгер жаршысы" газетінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 9 (497) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
      4. Төлеби ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 223 "Төлеби аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Төлеби ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 776 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3208 болып тіркелген "Ленгер жаршысы" газетінің 2015 жылғы 20 маусымда № 24 (512) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
      5. Төлеби ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 266 "Төлеби ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3243 болып тіркелген "Ленгер жаршысы" газетінің 2015 жылғы 15 тамыздағы № 33 (521) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
      6. Төлеби ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 наурыздағы № 77 "Төлеби ауданының Ленгер қаласы, ауылдық округтері әкімдері аппараттары мемлекеттік мекемелерін қайта атау және олардың ережелерін бекіту туралы" Төлеби ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 775 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3653 болып тіркелген "Ленгер жаршысы" газетінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 14-17 (555-558) нөмірлерінде жарияланған) қаулысы;