Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 214 қаулысы

Қолданыстағы
      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 8 сәуір 2016 жылғы Заңының 46 бабы 2 тармағының 4) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 6 сәуір 2016 жылғы Заңының 9 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) аудан әкімдігінің 7 маусым 2013 жылғы № 1178 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 2321тіркелген, 2013 жылғы 5 шілдеде "Мәртөбе" газетінде жарияланған);
      2) аудан әкімдігінің 25 ақпан 2016 жылғы № 116 "2016 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3632 тіркелген, 2016 жылғы 22 наурызда "Мәртөбе" газетінде жарияланған).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Керімбековке жүктелсін.
      Аудан әкімі С.Сапарбаев