Дермене ауылдық округ әкімінің 2016 жылғы 6 мамырдағы "Дермене ауылдық округі, Орманшы ауылының, Қайнар көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 13 шешімінің күшін жою туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы Дермене ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № 24 шешімі

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Арыс қалалық аумақтық инспекциясының басшысының 2016 жылғы 5 шілдедегі № 104 ұсынысына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Дермене ауылдық округ әкімінің 2016 жылғы 6 мамырдағы "Дермене ауылдық округі, Орманшы ауылының, Қайнар көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3744 тіркелген,) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Дермене ауылдық округ әкімі А.Алиев