Лебяжі ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 шілдедегі "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 226/7 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 70/4 қаулысы

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы "Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" № 964 Қаулысына сәйкес, аудан әкімдігінің актілерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 шілдедегі "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 226/7 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2014 жылғы 18 шілдеде № 3876 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 шілдеде "Аққу үні - Вести Акку" газетінің № 29 санында жарияланған).
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Аудан әкімі С. Жанғазинов