Качир ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 4 шілдедегі "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 219/7 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 109/4 қаулысы

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабына сәйкес Качир ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Качир ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 4 шілдедегі "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 219/7 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3872 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 шілдедегі № 29 "Тереңкөл тынысы", "Заря" газеттерінде жарияланған).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Р.М. Габидулинге жүктелсін.
      Аудан әкімі Ж. Шұғаев