Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 264/3 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 968/9 қаулысы

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен сәйкестікке келтіру мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 264/3 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4360 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 наурызда "Отарқа" № 11, 2015 жылғы 19 наурызда "Голос Экибастуза" № 11 газеттерінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
      Екібастұз қаласының әкімі К. Нукенов