Ақсу қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 мамырдағы "Ақсу қаласының ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 336/3 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2016 жылғы № 430/5 қаулысы

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 мамырдағы "Ақсу қаласының ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 336/3 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3813 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 мамырда № 39 "Ақсу жолы" және № 39 "Новый путь" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің қадағалайтын орынбасарына жүктелсін.
      Қала әкімі Н. Дүйсимбинов