Павлодар қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 қаңтардағы "Павлодар қаласының жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы" № 22/1 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 7/1 қаулысы

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік-құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы "Қазақстан Республикасы мемлекетік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" № 1567 Жарлығының күші жойылуына байланысты Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 қаңтардағы "Павлодар қаласының жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы" № 22/1 қаулысының (Павлодар облысының Әділет департаментімен 2014 жылы 14 ақпанда № 3693 тіркелді, 2014 жылы 24 ақпанда № 7 "Версия", 2014 жылы 21 ақпанда № 7 "Шаһар" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Павлодар қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Т. В. Фишерге жүктелсін.
      Павлодар қаласының әкімі Б. Бақауов