Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 386 шешімі

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидаларына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2014 жылғы 7 тамыздағы № 257 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларын белгiлеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 5035 тіркелген, 2014 жылғы 4 қыркүйекте "Федоровские новости" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Мәслихаттың 2015 жылғы 18 наурыздағы № 309 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 5507 тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірде "Федоровские новости" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрайымы                            Л. Финк

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Б. Бекенов