Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 285 "2016 жылға арналған ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысының күшін жою туралы

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 131 қаулысы

Қолданыстағы
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Таран ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 285 "2016 жылға арналған ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6060 тіркелген, 2015 жылғы 24 желтоқсанда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Өтеулин