Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 162 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін, аудандық бюджет қаражатының есебінен кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгіленетін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысының күшін жою туралы

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 21 қаулысы

Қолданыстағы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1337-баптарына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Таран ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 162 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін, аудандық бюджет қаражатының есебінен кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгіленетін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5712 тіркеглен, 2015 жылғы 23 шілдеде "Маяк" газетінде жарияланған) қаулысын күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Өтеулин