Бейнеу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 қарашадағы №36/259 "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешімінің күші жою туралы

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 40/281 шешімі

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Маңғыстау облысының Әділет департаментінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 10-11-120 хатыңа сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бейнеу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 қарашадағы № 36/259 "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2896 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 65-66 (2262-2263) "Рауан" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы К.Давлетбаева
      Аудандық мәслихат хатшысы А.Ұлұқбанов