Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 917 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 784 қаулысының күшін жою туралы

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 14 қаулысы

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 917 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 784 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2871 болып тіркелген, 2015 жылы 3 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 24 желтоқсанда "Жаңаөзен" газетінде жарияланған).
      2. Осы қаулының орындалуын қала әкімінің орынбасары И.Сағынбаевқа жүктелсін.
      Қала әкімінің
міндетін атқарушы
С. Қалдығұл