"Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Маңғыстау облыс әкімдігінің 2014 жылғы 08 қыркүйектегі № 215 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 73 қаулысы

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Маңғыстау облыс әкімдігінің 2014 жылғы 08 қыркүйектегі № 215 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2505 болып тіркеліп, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 13 қазанда жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      2. Маңғыстау облысы әкімінің аппараты (А.К. Рзаханов) бір апта мерзімде осы қаулының көшірмесін Маңғыстау облысының әділет департаментіне жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
      Облыс әкімі А. Айдарбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Маңғыстау облысының экономика
      және бюджеттік жоспарлау басқармасы"
      мемлекеттік мекемесі басшысының
      міндетін атқарушы
      С.Б. Нарешова
      "17" наурыз 2016 жыл