Арал аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 03 тамыздағы № 33 шешімі

Қолданыстағы
      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкесАрал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Арал аудандық мәслихатының төмендегі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 204 шешімі. (Мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2014 жылғы 30желтоқсандағы 4828 нөмірімен тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2015 жылдың 14 қаңтардағы №3 санында жарияланған).
      2) "Арал аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 151 шешімі. (Мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2014 жылғы 21 мамырында 4678 нөмірімен тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2014 жылғы 7 маусымдағы №41 санында жарияланған).
      2. Осы шешiм қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихат
      кезектен тыс алтыншы сессиясының хатшысы
      төрағасы
      Қ. Аяпов Д. Мадинов