"Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалаумен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 234 бұйрығы

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9795 тіркелген,2014 жылғы 20 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Функциялары:
      1) электр энергетикасы және атом энергиясын пайдалану саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
      2) реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады және өз құзыреті шегінде орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;
      3) ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және адам мен азаматтың құқықтарымен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, оларды министрліктердің актілерінде бекіту бойынша тікелей құзырет болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
      4) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
      5) ведомствоның өкілеттіктеріне жатқызылатын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
      6) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      7) рұқсат бақылауды жүзеге асырады;
      8) атом энергиясы саласында өз өкілеттіктерін орындауға байланысты инспекцияларды жүргізеді;
      9) атом энергиясын пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      10) радиациялық қауіпсіздік нормалары мен қағидаларының, лицензия шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      11) халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      12) ядролық материалдарды және иондандырушы сәулеленудің басқа да көздерінің экспортын, импортын, орын ауыстыруын, транзиті мен орналасуын бақылауды жүзеге асырады;
      13) атом энергиясын пайдалану саласында экспорттық бақылауды жүзеге асырады;
      14) ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алуды жүргізеді;
      15) иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алуды жүргізеді;
      16) экспорттық бақылау саласында ядролық және арнайы ядролық емес материалдарды, жабдықты, қондырғыларды, технологияларды, иондандырушы сәулелену көздерін, жабдықты және тиісті тауарлар мен екі ұдай пайдаланылатын (мақсаттағы) технологияларды, оларды өндіруге байланысты жұмыстарды, қызметтерді экспорттау мен импорттауға мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясын беруді келіседі;
      17) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзыреті шегінде лицензиялауды және рұқсат рәсімдерін жүзеге асырады;
      18) ядролық материалдарды, иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке қою немесе мемлекеттік есептен шығару туралы шешім қабылдайды;
      19) сарапшы ұйым ұсынған ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты есептер әдістемесін келіседі;
      20) көліктік қаптама жиынтықтарының конструкцияларын бекітеді, сондай-ақ оларға басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында сертификат-рұқсаттардың қолданылуын таратады;
      21) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз ету және ядролық сынақтарды мониторингілеу жөніндегі зерттеулерді ұйымдастырады;
      22) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін атом энергиясы пайдаланылатын объектінің Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау әдістері мен тәсілдеріне қатысты әдістемелік ұсынымдар әзірлейді және бекітеді;
      23) әртүрлі радиоизотоптар үшін шекті белсенділік шамасының мәнін белгілейді;
      24) иондандырушы сәулелену көздерінің болуы, орналасқан жері және орын ауыстыруы туралы алынған ақпаратқа талдауды және салыстырып-тексеруді жүзеге асырады және оны иондандырушы сәулелену көздерінің тізіліміне енгізеді;
      25) атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға аттестаттау жүргізеді;
      26) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарға аккредиттеу жүргізеді;
      27) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізеді;
      28) электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың электр және жылу пайдалану қондырғыларының пайдаланылуын және техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
      29) электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырады;
      30) электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуге тексеруден өтпеген персоналды электр қондырғыларына жібермеуді немесе олармен жұмыс істеуден шеттетуді бақылауды жүзеге асырады;
      31) мыналарды:
      электр энергиясының сапасы жөніндегі техникалық шарттар талаптарының сақталуын;
      өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтіқ құқықтық актілердің сақталуын;
      электр және жылу энергиясын өндіру, беру, тұтыну режимдерін ұтымды және үнемді пайдаланылуын, оңтайландыруды;
      электр станцияларының, электр желілерінің күзгі-қысқы кезең жұмысына дайындығын мемлекеттік энергетикалық бақылауды жүзеге асырады;
      32) энергия өндіруші ұйымдардың уәкілетті органға электр энергиясын өндіру және сату шығындары, өткен күнтізбелік жылда электр энергиясын өндіру және сату көлемі бойынша есепті жыл сайынғы ұсыну бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      33) энергия өндіруші ұйымдардың, келісімде келесі жылға көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайынғы жариялау бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      34) энергия өндіруші ұйымдардың, келісімде өткен жылға көзделген инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайынғы жариялау бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      35) энергия өндіруші ұйымдардың мемлекеттік органдардың өкілдерін, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерін, бұқаралық ақпарат құралдарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды шақыра отырып, көпшілік тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында көпшілік тыңдауларды өткізуден бұрын күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жариялау арқылы келісімдерді орындау нәтижелері бойынша көпшілік тыңдауларды жыл сайынғы өткізу бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      36) энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы ақпаратты ұсыну бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      37) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес электр немесе жылу желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектілерді қосуды бақылауды жүзеге асырады;
      38) белгіленген үлгідегі нұсқамаларды береді немесе электр энергетикасы туралы заңнаманың анықталған бұзушылықтары туралы акт жасайды;
      39) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасайды;
      40) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және атом энергиясын пайдалану туралы заңнамасын бұзу бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады;
      41) Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесінің бірнеше бөліктерге бөлінуіне, тұтынушыларды электр және жылу энергиясынан жаппай шектеуге, ірі энергетикалық жабдықтың бұзылуына әкеп соққан электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жұмысындағы ірі технологиялық бұзушылықтарды тексерулерді есепке алуды жүргізеді;
      42) электр энергетикалық кәсіпорындардың объектілері мен жабдығының күзгі-қысқы кезең жұмысына дайындығын бағалау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады;
      43) электр станциялары, электр желілерінің энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдығының техникалық жай-күйін тексеруді жүзеге асырады;
      44) электр станциялары, электр желілерінің энергетикалық объектілерін техникалық жарақтандырудан кейін пайдалануға қабылдау комиссиясының жұмысына қатысуды белгіленген тәртіппен жүзеге асырады;
      45) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындауды жүзеге асырады;
      46) энергетикалық жабдыққа тексеру жүргізу, энергетикалық ұйымдарды кешенді тексеру және электр станцияларының және электр желілерінің энергетикалық жабдығының жұмысындағы ірі технологиялық бұзушылықтарды тексеру кезінде сарапшыларды тартады;
      47) аварияларға, жазатайым оқиғаларға және электр энергетикасы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң техникалық талаптарын өзге өрескел бұзушылықтарына жол берген адамдарды тәртiптiк жауапкершілікке тарту туралы ұйымдардың иелерiне ұсыныстар енгiзедi немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзуға кiнәлi адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы тиiстi мемлекеттiк органдарға материалдар жiбередi;
      48) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияны қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
      49) электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын білуіне біліктілік тексеруді жүзеге асырады;
      50) қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ интернет-ресурста энергетикалық сараптаманы санатқа сәйкес жүргізу бойынша сарапшы ұйымдардың тізілімін жүргізеді, орналастырады және жаңартады;
      51) көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келетін әзірлік паспортын алу үшін ұсынылған құжаттарға қосымша түсіндірулер, материалдар мен негіздемелер қажет болған жағдайда әзірлік паспортын ескертулерсіз немесе ескертулермен беруді жүзеге асырады, сондай-ақ әзірлік паспортын алу үшін Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптардың орындалуын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда, әзірлік паспортын беруден бас тартады;
      52) Комитет әзірлеген және (немесе) қабылдаған нормативтік құқықтық актілерге қатысты құқықтық мониторингті жүргізеді (соның ішінде Комитет жүзеге асыратын бұрын қабылданған актілер бойынша);
      53) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік техникалық актілерін, электр энергетикасы және атом энергиясын пайдалану саласындағы нұқсаулықтарды, әдістемелік нұсқауларды әзірлейді, келіседі және бекітеді;
      54) өз құзыреті шегінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Стратегиялық және Операциялық жоспарына ұсыныстарды әзірлеуге, іске асыруға қатысады;
      55) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      56) жүйелік оператордың «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-2-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Комитет заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті өкілеттіктерге ие.»;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын Төраға басшылық етеді.»;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Төраға Комитеттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттерді орындауда және өз функцияларын жүзеге асыруда дербес жауапты болады.»;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Төрағаның өкілеттіктері:
      1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
      2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
      3) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, Комитеттің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      4) Министрліктің Жауапты хатшысына лауазымға тағайындау және лауазымнан босату, сондай-ақ Комитет Төрағасының орынбасарларын, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды енгізеді;
      5) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      Төраға орынбасарларын қоспағанда, Комитеттің қызметкерлерін;
      Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен орынбасарларын қоспағанда, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін;
      техникалық қызметті жүзеге асыратын және Комитеттің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдарды лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      6) Министрліктің Жауапты хатшысына іссапарға жіберу туралы, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру туралы, Комитет Төрағасының орынбасарларына, Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына марапаттау, үстеме ақы және сыйақы төлеу туралы ұсыныстарды енгізеді;
      7) Төраға орынбасарларын қоспағанда, Комитеттің қызметкерлерін;
      Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің басшыларын қоспағанда, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің орынбасарларын;
      техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және Комитеттің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдарды іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру, үстеме ақы, сыйақы төлеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
      8) аумақтық бөлімше басшысының ұсынысы бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдарға материалдық көмек көрсету, марапаттау, үстеме ақы және сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;
      9) Комитеттің ведомствоға қарасты бөлімшелерінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
      10) Комитеттің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссиясының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және олардың құрамын қалыптастырады;
      11) Комитеттің мемлекеттік сатып алу саласында жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      12) бюджеттік процестің қажетті рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
      13) Комитеттің құзыреті шегінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
      14) Комитеттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
      15) аумақтық бөлімшелердің актілері мен шешімдерінің қолданылуын толығымен немесе бір бөлігінде тоқтатады немесе тоқтата тұрады;
      16) ескертулер болмаған жағдайда, Комитеттің келісуіне келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қол қояды;
      17) өз құзыреті шегінде Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;
      18) заңнамаға сәйкес Комитетті мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара қатынастарда Комитеттің мүдделерін білдіреді;
      19) Комитеттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдайды және осы үшін дербес жауаптылықта болады;
      20) Комитет Төрағасы Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстарды ұсынады.
      21) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Төраға болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, оны ауыстыратын адам жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы 20-1 тармақшамен толықтырылсын:
      «20-1. Комитет Төрағасының орынбасарлары:
      1) өз құзыреті шегінде Комитеттің қызметін үйлестіреді;
      2) Комитет Төрағасы болмаған кезеңде Комитеттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттерді орындауға және олардың өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауаптылықта болады;
      3) Комитет Төрағасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;
      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің тиісті облыс, Астана, Алматы қалалары бойынша аумақтық органы - аумақтық департаменті туралы ережесінде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік және орыс тіліндегі атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Функциялары:
      1) электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуын және олардың техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
      2) электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігін және қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырады;
      3) электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуге тексеруден өтпеген персоналды электр қондырғыларына жібермеуді немесе олармен жұмыс істеуден шеттетуді бақылауды жүзеге асырады;
      4) мыналарды:
      электр және жылу энергиясының сапасы жөніндегі техникалық шарттар талаптарының сақталуын;
      өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтіқ құқықтық актілердің сақталуын;
      электр және жылу энергиясын өндіру, беру, тұтыну режимдерін ұтымды және үнемді пайдаланылуын, оңтайландыруды;
      электр станцияларының, электр және жылу желілерінің күзгі-қысқы кезең жұмысына дайындығын мемлекеттік энергетикалық бықылауды жүзеге асырады;
      5) энергия өндіруші ұйымдардың уәкілетті органға электр энергиясын өндіру және сату шығындары, өткен күнтізбелік жылда электр энергиясын өндіру және сату көлемі бойынша есепті жыл сайынғы ұсыну бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      6) энергия өндіруші ұйымдардың, келісімде келесі жылға көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайынғы жариялау бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      7) энергия өндіруші ұйымдардың, келісімде өткен жылға көзделген инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайынғы жариялау бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      8) энергия өндіруші ұйымдардың мемлекеттік органдардың өкілдерін, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерін, бұқаралық ақпарат құралдарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды шақыра отырып, көпшілік тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында көпшілік тыңдауларды өткізуден бұрын күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жариялау арқылы келісімдерді орындау нәтижелері бойынша көпшілік тыңдауларды жыл сайынғы өткізу бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      9) энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы ақпаратты ұсыну бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      10) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес электр немесе жылу желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектілерді қосуды бақылауды жүзеге асырады;
      11) Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесінің бірнеше бөліктерге бөлінуіне, тұтынушыларды электр және жылу энергиясынан жаппай шектеуге, ірі энергетикалық жабдықтың бұзылуына әкеп соққан электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жұмысындағы ірі технологиялық бұзушылықтарды тексерулерді есепке алуды жүргізеді;
      12) электр энергетикалық кәсіпорындардың объектілер мен жабдықтардың күзгі-қысқы кезең жұмысына дайындығын бағалау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады;
      13) электр станцияларының, электр желілерінің, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдығының техникалық жай-күйін тексеруді жүзеге асырады;
      14) заңнамада белгіленген құзыреттер шегінде энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысына әзірлігі паспорттарын береді;
      15) белгіленген үлгідегі нұсқамаларды береді немесе электр энергетикасы туралы заңнаманың анықталған бұзушылықтары туралы акт жасайды;
      16) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасайды;
      17) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындайды;
      18) энергетикалық жабдыққа тексеру жүргізу, энергетикалық ұйымдарды кешенді тексеру және электр станцияларының және электр желілерінің энергетикалық жабдығының жұмысындағы ірі технологиялық бұзушылықтарды тексеру кезінде сарапшыларды тартады;
      19) аварияларға, жазатайым оқиғаларға және электр энергетикасы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң техникалық талаптарын өзге өрескел бұзушылықтарына жол берген адамдарды тәртiптiк жауапкершілікке тарту туралы ұйымдардың иелерiне ұсыныстар енгiзедi немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзуға кiнәлi адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы тиiстi мемлекеттiк органдарға материалдар жiбередi;
      20) білімге біліктілік тексеруден өткен және электр қауіпсіздігі бойынша төрттен кем болмайтын тобы бар энергетикалық ұйым мамандарынан білімге біліктілік тексеруді жүзеге асыру үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссияны құрады;
      21) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады;
      22) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияны қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
      23) электр және энергетикалық қондырғылардың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында өз құзыреті шегінде электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдардың техникалық басшыларының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеруді ұйымдастырады;
      24) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      25) жүйелік оператордың «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-2-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.»;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Департамент заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті өкілеттіктерге ие.»;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Департаментке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын Басшы басшылық етеді.»;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Басшы Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауда және өз функцияларын жүзеге асыруда дербес жауаптылықта болады.»;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Департамент басшысының өкілеттіктері:
      1) Департамент басшысының Комитеттің штаттық кестесінде көзделген жағдайларда Комитет Төрағасының ұсынысы бойынша Министрліктің Жауапты хатшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босатылатын орынбасары бар;
      2) өз орынбасарының өкілеттіктерін анықтайды, болуы кезінде;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындайды және босатады, сондай-ақ Департамент қызметкерлеріне және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және Департаменттің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдарға демалыс беру, іссапарға жіберу, тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
      4) Комитеттің Төрағасына Департамент қызметкерлеріне және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және Департаменттің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдарға материалдық көмек көрсету, марапаттау, үстеме ақы және сыйақы беру туралы ұсынысты енгізеді;
      5) Комитет Төрағасына Департамент қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін қарау туралы ұсынысты енгізеді;
      6) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Департаменттің мүдделерін білдіреді;
      7) Комитет Төрағасының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Комитеттің мүддесін білдіреді;
      8) ескертулер болмаған жағдайда, Департаменттің келісуіне келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қол қояды;
      9) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдайды және осы үшін дербес жауаптылықта болады;
      10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Департамент басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, оны ауыстыратын адам жүзеге асырады.».
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрыққа қол қойғаннан кейін оны күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ оған қол қойғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      2) бұйрыққа қол қойған күннен бастап бір ай мерзімінде бұйрық көшірмесін қоса бере отырып, Астана қаласы Әділет департаментіне хабарлауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі                                Қ. Бозымбаев