"Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 47 бұйрығының кейбір нормаларының қолданысын тоқтату туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 509 бұйрығы

Қолданыстағы

      «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін:
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы 47 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10409 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 сәуірде жарияланған) Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің (бұдан әрі - Біліктілік талаптары) реттік нөмірі 6-жолының;
      Біліктілік талаптарына қосымшаның 1-тармағы 6) тармақшасының қолданысы тоқтатылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
      2) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрі                                           Ә. Исекешев