«Құқықтық актiлер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету бойынша әуежай (әуеайлақ) пайдаланушысының қызметін тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 217 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9394 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
2) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интранет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Исекешев