Күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 431 бұйрығы

Қолданыстағы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 354 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8073 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2013 жылғы 9 қаңтарда № 4-5 (27278-27279) жарияланған), «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 354 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1124 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13080 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
      1) бір апта мерзімінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
      2) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму
      министрі                                          Ә. Исекешев

"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі Қ. Бишімбаев
___________________
2016 жылғы 31 мамыр