"Тартқыш жылжымалы құрамның техникалық қызмет көрсетуі және жөндеудің түрлері мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 9 тамыздағы № 625 бұйрығының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 300 бұйрығы

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Тартқыш жылжымалы құрамның техникалық қызмет көрсетуі және жөндеудің түрлері мен мерзімдерін бекіту туралы» Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 9 тамыздағы № 625 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8663 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2013 жылғы 31 қазандағы № 305 (27579), «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 31 қазандағы № 243 (28182) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
      2) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                    Ә. Исекешев