«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне және ресми баспасөз басылымдарына енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 1 ақпандағы
№ 74 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің және
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін
атқарушының күші жойылды деп тануға жататын кейбір
бұйрықтарының тізбесі
1. «Қазақстан Республикасындағы акушерлік практикадағы ана өлім-жітімі мен қиын жағдайларға құпия аудитті енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 695 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5486 болып тіркелген, «Заң газетінде» газетінде 2009 жылғы 3 сәуірде № 49 болып жарияланған).
2. «Жүкті, босанатын, босанған әйелдердің ауыр жағдайларының мониторингі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 389 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6302 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 10 қарашада № 469-477 болып жарияланған).
3. «Азаматтардың ұрпақты болу денсаулығын сақтауды және отбасын жоспарлау жөнінде қызметтер көрсетуді дамыту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 28 қазандағы № 595 бұйрығы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5873 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдар актілерінің жинағында 2010 жылы №1 болып жарияланды).
4. «Қазақстан Республикасында балалар онкологиясы және гематологиясы қызметінің жұмысын үйлестіру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 538 бұйрығы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8838 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 2 сәуірде № 63 болып жарияланған).