"Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы №2 қаулысының күші жойылды деп тану туралы контроля акимата Жамбылской области"

Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 227 қаулысы

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 2 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2474 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 ақпанда "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылғаны жөнінде әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы Б. Орынбеков