"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 16-05/715 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 523 бұйрығы.

Қолданыстағы


      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 16-05/715 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12013 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті туралы ережеде:

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторинг жоспарын әзірлейді және бекітеді;

      3-2) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды әзірлейді және бекітеді;";

      20-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-1) нысаналы бюджет қаражаты есебінен қаржыланатын объектілерді салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелерді немесе жобалау-сметалық құжаттамаларды заңнамада белгіленген тәртіппен бекітеді;".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Осы бұйрықтың "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықтан шығатын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов