БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінінің 2015 жылғы 26 тамыздағы № 454 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12110 болып тіркелген «Әділет» нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 6 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (Ә.С Жұмаділдаев) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қол қойылған күнінен бастап бір aпта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдануын;
2) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Б.Сұлтанов