«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 21-1 және 43-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 379 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11733 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 шілде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті (С.М. Ахметов) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қол қойылған күнінен бастап бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберілуін;
2) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Сұлтанов