Аудан мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 05 ақпандағы № 52-3 шешімі

Қолданыстағы
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылдың 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Көксу ауданы мәслихатының 2015 жылғы 09 қазандағы "Көксу ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (2015 жылғы 11 қарашадағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3542 тіркелген, 2015 жылдың 20 қарашада №47(4774) аудандық "Нұрлы Көксу" газетінде жарияланған) №46-1 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      Көксу ауданы мәслихатының
      сессия төрайымы C. Абдрахманова
      Көксу ауданы мәслихатының
      хатшысы Ә. Досымбеков