Қарасай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қазандағы "Қарасай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 10-899 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 9-1437 қаулысы

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 8-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарасай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қазандағы ""Қарасай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылы 13 қарашада № 3551 болып тіркелген, аудандық "Заман жаршысы" газетінде 2015 жылдың 4 желтоқсанында жарияланған) №10-899 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Джапаров Максут Рамазановичқа жүктелсін.
      Аудан әкімі М. Бигельдиев