Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 15 мамырдағы "Қарасай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы "Қарасай ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 12-1362 қаулысына өзгерістер енгізі туралы" № 5-603 каулысы жойылды деп тану туралы

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 9-1298 қаулысы

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37- бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2013 жылдың 15 мамырдағы № 5-603 "Қарасай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы "Қарасай ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" №12-1362 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының м.а. М. Әмірғалиевқа жүктелсін.
      Аудан әкімі М.Бигельдиев